Дене тәрбиесі кафедрасы ұжымы

 

М.Өтемісов атындағы Батыс Қазақстан мемлекеттік университеті,

Педагогика факультетінің «Дене тәрбиесі» кафедрасын әр жылдары басқарған кафедра меңгерушілері.

1938 жылы институттың ішінен әскери-денешынықтыру кафедрасы құрылды, кафедра меңгерушісі қызметін майор П.И.Гусак атқарды.

1946 жылы дене тәрбиесі кафедрасы өз алдына жеке кафедра болып құрылды,А.И.Карпова басшылық жасады.

1949-1953 ж.ж.- А.Я.Дырдин

1954-1968 ж.ж. - В.В.Новиков-Лавров

1968-1972ж.ж. - А.Я.Дырдин

1973-1976ж.ж.- Б.А.Айешев

1976-1986 ж.ж.- Р.М.Мауталиев

1986-1987 ж.ж.- Ж.Жардемов

1987-1991ж.ж.- К.С.Исмагулов

1991-1995ж.ж.- Т.К. Кубашев

1996-1997ж.ж.- В.С.Симаков

1997-2013ж.ж.- М.Х.Темиргалиева

2013-2014ж.ж.- Т.Т.Темешев

2015-2016 оқу жылынан бастап кафедраны Л.В.Демченко басқарып келеді.

Демченко Людмила Валерьевна, аға оқытушы, дене тәрбиесі кафедрасының меңгерушісі.
Орал қаласы Рубежка ауылында 1967 жылы 26-шы қыркүйекте дүниеге келген.1988 жылы А.С. Пушкин атындағы педагогикалық институтты бітірді. Жоғары оқу орынын аяқтаған соң, Шыңғырлау ауданы Ащысай орта мектебінде дене шынықтыру мұғалімі, директордың оқу-тәрбие ісі жөніндегі орынбасары болып жұмыс істеді. 2005 жылдан бастап Батыс Қазақстан мемлекеттік университетінде жұмыс істейді. 2015 жылдан бастап М.Өтемісов атындағы Батыс Қазақстан мемлекеттік университетінің дене тәрбиесі кафедрасының меңгерушісі.
Демченко Людмила Валерьевна салауатты өмір салтын белсенді түрде насихаттайды. Жыл сайын қалалық және облыстық деңгейдегі спорттық іс-шараларға қатысады. Қала және облыс мұғалімдеріне әдістемелік және тәжірейбелік көмек көрсетіп шеберлік кластармен, семинарлар, өткізеді. Спорттық және мерекелік іс-шаралар өткізіп, еңбек және спорт ардагерлерін шақырып тиісті назардан тыс қалдырмайды.
Белсенді жұмысы және әлеуметтік іс-шаралар, кәсіподақ қозғалысына қосқан үлесі үшін,қызметкерлердің әлеуметтік және еңбек құқықтары мен мүдделерін қорғау «Білім және ғылым қызметкерлері кәсіподағына сіңірген еңбегі үшін». төс белгісімен марапатталды.

 

Дене тәрбиесі кафедрасының жетістіктері

Адрес: Орал қаласы , Студенческая, 4. Педагогикалық факультеті

Телефон: 50-53-46

Факс

E-mail.ru: Fizvospitanie.1946@qmail.com

Миссия: Ғылыми - негізде білім беру, дене тәрбиесі және спортта пайдаланылған, өмірге қажетті қимыл – қозғалыс дағдылары қызыметінің сапасын дамытуға және оларды жетілдіруге, көп жылғы денсаулық сақтау, және кәсіби жұмыс қабілетінің тиімділігін қолдайды.

Мақсаты: ЖОО –да «Дене тәрбиесі» пәнін оқытудағы мақсаттың болуы: Студенттердің жеке - әлеуметтік құзреттілігін қалыптастыру үшінденсаулығын нығайту және кәсіптік қызметке дайындау, сәйкесінше мақсатты түрде дене тәрбиесі және спорт құралдарын сақтап, пайдалануды қамтамасыз етеді.

Негізгі қызмет түрлері

Жоғары оқу орнындағы дене тәрбиесі, ұлттық бағдарлама құрудың ажырамас бөлшегі , жалпы және кәсіптік мәдениеті тұлға, заманауи маман, студенттердіадамгершілік мақсатқа тәрбиелеу жүйесін қалыпқа келтіру болып табылады. Жоғары білім реформасын өзгерту жағдайында дене тәрбиесі жұмысының басым бағыты, студенттердің денсаулығын нығайту және қолдау көрсету бағытында,салауатты өмір салтын қалыптастыру, және дене қажеттілігін өздігінен өзін- өзі жетілдіру. Бұл бағыттағы Қ.Р. мемлекеттік құқықтық-нормативтік маңызды құжатта айқын көрсетілген. Оқу бағдарламасының мазмұны келесі консептуалдық ұстанымға негізделген.

Құрылым

М.Өтемісов атындағы Батыс Қазақстан мемлекеттік университетінің көпқырлы педагогикалық қызметі ұжымының бірі - Дене тәрбиесі кафедрасы. Жыл сайын мыңдаған жас мамандар университеттің қабырғасынан кетеді. Дене шынықтыру және спорт әр студентке бір дәрежеде әсер етті. Дене шынықтыру және спорт - бұл дене шынықтыру және денсаулықты нығайтудың құралы ғана емес, салауатты демалыс және мәдени демалу , тәрбиенің ең мықты құралы ерік-жігер сапасын, еркіндік, мақсаттылық және жарыста табандылық пен күресе білуге үйету болып табылады. Достық, серіктестік, интернационалдық, ұжым алдындағы жауапкершілік, спорттық-намыс ұғымын кеңінен түсіндіре отырып біздің университет түлектерінің атағын жоғары ұстау.
Кафедраның құрылған уақытында университетте әртүрлі спорт түрлерінен, үлкен және әдемі спорттық іс-шаралармен, кештермен, спорттық күндермен және басқа да шаралармен мыңдаған жарыстар өткізілді. Университеттегі жұмыстың ұйымдастырушылары - дене тәрбиесі кафедрасының қызметкерлері. Олардың көпшілігі шәкірттерінің жүрегінде «жақсы із» қалдырып жоғары білікті оқытушылар мен жаттықтырушыларға айналды.

 

Мұрағат деректері