Махамбет Өтемісов атындағы Батыс Қазақстан мемлекеттік университетінде профессор-оқытушылар құрамы мен қызметкерлер арасында дәстүрлі 63-ші «Денсаулық» спартакиадасының ашылуы өтті.

Спартакиадаға қатысушы 9 команда волейбол, шахмат, дойбы, теннис, эстафета, арқан тарту спорттық ойындар түрлерінен жарыс бойынша сынға түсті.

Шараның салтанатты ашылуында университет оқу – әдістемелік жұмысы жөніндегі проректоры Асет Сембайұлы Тасмагамбетов денсаулықты нығайту мен салауатты өмір салтын насихаттауда спорттық шаралардың маңызы зор, осындай дәстүрге айналған спорттық жарыстардың жыл сайын жалғасын тауып, оған ардагер ұстаздардың, ғалымдар мен оқытушылардың, қызметкерлердің бірге қатысуы жас ұрпаққа зор үлгі, ерекше орын алғанын атап өтіп, дәстүрлі түрде «Денсаулық» спартакиадасын ашып, қатысушыларға сәттілік тіледі.

Жалпы командалық есеп бойынша:

I- орын – Физика-математика факультеті

II- орын – Мәдениет және өнер факультеті

III- орын – Әкімшілік бөлімі