Польша мемлекетінің Лодзи университеті мен Быдгощ қаласындағы Ұлы Казимир университетінің қауымдастырылған профессоры Дорота Подгорски Яхниктің «Инклюзия туралы: инклюзивті білім берудегі ынтымақтастық негіздері» атты ашық дәрісі

27.11.2019ж. М.Өтемісов атындағы Батыс Қазақстан мемлекеттік университетінде педагогика факультетінің ұйымдастыруымен Польша мемлекетінің Лодзи университеті мен Быдгощ қаласындағы Ұлы Казимир университетінің қауымдастырылған профессоры Дорота Подгорски Яхниктің «Инклюзия туралы: инклюзивті білім берудегі ынтымақтастық негіздері» атты ашық дәрісі өтті.
Дәріске факультет декандары, кафедра меңгерушілері, университеттің профессорлық-оқытушылық құрамы, магистранттар мен студенттер, Батыс Қазақстан облысы білім басқармасының әкімшілік-басқару персоналы, Орал қаласының психологиялық-медициналық-педагогикалық комиссиясының мамандары, мектеп мұғалімдері қатысты.
Дәрістің мақсаты – ерекше қажеттілігі бар тұлғаларға инклюзивті білім беруде психологиялық-педагогикалық сүйемелдеуді ұйымдастыру мәселелері мен перспективаларын талқылау, сонымен қатар Польша елінің тәжірибесі негізінде мектептен және оның әлеуметтік ортасында инклюзивті білім беру саласындағы ынтымақтастық мүмкіндіктері мен мысалдарын қарастыруға бағытталды. Дәріс соңында қатысушылар дәрісті талқылап, өздерін қызықтырған сұрақтарға жауап алды. Ашық дәріс жоғары деңгейде өтті.