2019 жылы 12 қарашада Махамбет Өтемісов атындағы Батыс Қазақстан мемлекеттік университетінің спорт кешенінде факультеттер арасында спартакиада өтті. Спартакиада шахмат, дойбы және тоғызқұмалақ сияқты бағыттар бойынша өтті. Студенттер өз шеберліктерін көрсетті.

Егер алынған орындар туралы айтатын болсақ, дойбыдан Физика-математика факультеті бірінші.Ал, екінші орынды Филология факультеті, ал үшінші орынды Тарих, экономика және саясаттану факультеті иеленді.

Тоғызқұмалақ бойынша жоғары деңгейді Педагогика және психология факультетінің студенттері, екінші орынды физика-математика факультетіне, ал үшінші орынды Тарих, экономика және саясаттану факультетінің студенттері көрсетті.

Шахмат бойынша Мәдениет және музыка факультеті жоғары нәтиже көрсетті,ал екінші және үшінші орын Физика-математика және Тарих, экономика және саясаттану факультеттеріне бұйырды.

Спартакиада жоғары деңгейде өтті және оған қатысқандардың барлығы тамаша әсер алды.