13.11.19 күні Педагогика факультетінде Ұлы Абайдың 175 жылдығына орай «Өлмейтұғын артында сөз қалдырған» атты тәрбиелік іс-шара оздырылды.Шара қазақ әдебиетінің шоқтығы биік ірі тұлғасы Абай Құнанбайұлының шығармашылығына арналды. Шараны ұйымдастырушылар мектепке дейінгі және бастауышта білім беру кафедрасының оқытушылары Е.Б.Ерболат, Ж.Ж.Нәбиева, Г.С.Мухиева және педагогика және психология кафедрасының оқытушысы А.С.Кенжеғалиева, БОПӘ мамандығының белсенді студенті М.Жұпарова.

Мақсаты: Ұлы ақынның өнегелі өмірімен таныстыру, ақынның даналығын, рухани асыл-мұраларын насихаттап, өлеңдерін, әндерін мәнерлеп айтқызу. Көркем сөйлеуге, шығармашылықпен жұмыс істеуге көмектесу.

Шара сайыс түрінде өткізілді. Сайыс 4 бөлімнен тұрады.Әділ қазылар педагогика факультетінің тәрбие жұмысының деканы А.С.Айтжанова, оқытушылар А.Т.Даулетова, Ж.Б.Дүйсенбаева.

І. Таныстыру.

ІІ. «Ойлан тап» (Жасырын ұяшықтардағы сұрақтарға жауап беру).

ІІІ. «Өлең-сөздің патшасы,сөз сарасы» (Абай Құнанбайұлының шығармаларын жатқа оқу).

IV. Сахналық қойылым (Абай өмірі мен шығармашылығы, отбасы , ел басқаруынан үзінді көрсету).

Сайысқа 4 топ «Білгірлер» , «Жалынды жастар», «Болашақ», «Талапкер» қатысты. Студенттер әр кезеңде білімдерін көрсетіп, көріністерде шығармашылық қабілеттерін көрсете білді. Нәтижесінде бас жүлдемен БОПӘ мамандығының «Жалынды жастар», «Өнерлі» номинациясымен МДОТ мамандығы, Педагогика және психология мамандығы «Болашақ» тобы «Шығармашыл» номинациясымен, Әлеуметтік педагогика және өзін өзі тану мамандығы Талапкер тобы «Тапқыр» номинациясымен марапатталды.Шара соңында Абай әндері шырқалды.