Инклюзивті білім беру апталығы «Есту қабілеті бұзылған тұлғаларды сүйемелдеудің әдістемесі мен технологиясы» тақырыбындағы семинар-практикуммен жалғасын тапты. Бұл семинар 15 қазан сағат 16:00-де № 7 копус 221 аудиторияда өткен болатын. Аталмыш семинарды Батыс Қазақстан мемлекеттік университеті, педагогика және психология кафедрасының оқытушылары Кенжегалиева Айдана Женисовна мен Жидкова Юлия Михайловна өткізді. Семинар-практикумға факультет декандары, кафедра меңгерушілері, университеттің профессорлық-оқытушылық құрамы, магистранттар мен студенттер қатысқан болатын.

Семинардың мақсаты: ЖОО-да есту қабілеті бұзылған тұлғаларды инклюзивті білім беру жағдайында оқытудың теориясы және әдістемесімен таныстыру.

Семинар-практикум барысында педагогика және психология кафедрасының оқытушылары Кенжегалиева А.Ж. и Жидкова Ю.М. «Есту қабілеті бұзылған тұлғаларды сүйемелдеудің әдістемесі мен технологиясы» тақырыбында өз баяндамаларын оқып, «Синхрондық аударма» және «Өлеңді сахналау» сияқты жаттығулар өткізді. Бұл жаттығулар вербалды емес қарым-қатынас арқылы ақпаратты жеткізу біліктілігін жетілдіруге және ерекше қажеттілігі бар тұлғаларды түсінуді жақсартуға бағытталған.