Батыс Қазақстан халқы Ассамблеясының ұйымдастыруымен 13 кыркүйек күні Тұңғыш Президент алаңында «Рухани жаңғыру» жобасы аясында «Дәстүр» мәдени-көпшілік шарасы өткізілді. Шараға «Мектепке дейінгі және бастауышта білім беру» кафедрасының 5В010100 «Мектепке дейінгі оқыту және тәрбиелеу» мамандығының ДОВ-11 топ студенттері, топ кураторы Нәбиева Жанаргүл Жұмабайқызының және 5В010200 «Бастауышта оқыту педагогикасы мен әдістемесі» мамандығының ПИМНО-11 топ студенттері, топ кураторы Ерболат Балмира Ерболатқызының ұйымдастыруымен болды. Студенттер арқан тарту, тоғызқұмалақ, асық ату секілді қазақтың ұлттық спорттық ойындарын ойнап, көрсетті.