Мектепке дейінгі және бастауышта білім беру, Педагогика және психология кафедраларынының ұйымдастыруымен 14.10.-18.10.2019 ж. аралығында «Жоғары оқу орындарында инклюзивті білім берудің теориясы мен технологиясы» атты облыстық семинар-тренинг апталығы ұйымдастырылды. Семинар барысында әдістемелік, дидактикалық сипаттағы мәселелер, сонымен бірге ерекше білім беру қажеттіліктері бар студенттерді педагогикалық-психологиялық сүйемелдеу мәселелері қарастырылды. Бірінші күні, Мектепке дейінгі және бастауышта білім беру кафедрасының оқытушылары Арыстангалиева В.Т. мен Панищева О.А. инклюзивті білім берудің мәселелерін, перспективаларын және даму бағыттары мәселелерін талдап, баяндама оқыды. Сондай-ақ, облыстық есту және сөйлеу қабілеті бұзылған балаларға арналған мектеп-интернат кешенінің логопеді Тулеушова Г.С. (облыстық есту және сөйлеу қабілеті бұзылған балаларға арналған мектеп-интернат кешенінің логопеді) және Талапова С.Т. (облыстық көру қабілеті бұзылған балаларға арналған арнаулы мектеп-интернатының тифлопедагогы) мүмкіндігін шектеулі тұлғалармен жұмыстың әдістемелерін көрсетті.

Екінші күні педагогика және психология кафедрасының оқытушылары Кенжегалиева А.Ж., Жидкова Ю.М. есту қабілеті бұзылған студенттермен білім беру үрдісін ұйымдастырудың ерекшеліктері, сонымен бірге аудиторлық сабақтарды жүргізуде оқытушыларға қойылатын талаптар қарастырылды. Аталған категориядағы студенттерді жақсырақ түсіну үшін бірқатар жаттығулар жүргізді, сонымен қатар дактильді әліппемен таныстырылды.

Үшінші күні көру қабілеті бұзылған студенттерге білім беру үрдісін ұйымдастыру мәселелері қарастырылды. Семинар-практикумды мектепке дейінгі және бастауыш білім беру кафедрасының аға оқытушысы, магистр Арыстангалиева В.Т. және оқытушы-магистр Панищева О.А. өткізді. Практикалық бөлімде ерекше қажеттіліктері бар студенттермен өзара әрекет жасау және түсінудің тиімді тәсілі ретінде арт-терапия әдістері қолданылды.

Семинар-тренинг апталығы «Тірек-қимыл аппараты бұзылған тұлғаларды сүйемелдеудің әдістемесі мен технологиясы» атты семинар-практикуммен аяқталды. Оқытушылар техникалық жабдықтау мәселелерін, бұл бағыттағы жұмыс перспективаларын қамтыды. Практикалық бөлім ұсақ және ірі моториканы дамытуға арналған жаттығулар, арт-әдістерден тұрды.

Семинар-тренингті қорытындылай келе, профессорлық оқытушылық құрамға білім беру пәндерін бейімдеуде бірқатар ұсыныстар берілді, инклюзивті білім беруді сапалы жүзеге асыру үшін техникалық, дидактикалық жабдықтар тізімі құрылды. Апталыққа белсенді қатысқан оқытушыларға сертификат табыс етілді.