28.09.2019 жылы М.Өтемісов атындағы Батыс Қазақстан Мемлекеттік университетінің ректоры Нұрлан Хабибуллаұлының қатысуымен «БҚМУ – салауатты өмір салты үшін» атты көпшілік сауықтыру шарасы болып өтті. Шараның негізгі мақсаты:

  • университетіміздің 1 курс студенттерін салауатты өмір салтын ұстануға шақыру;
  • жастар жылы аясында дене сау ұрпаққа тәлім беру арқылы насихат жүргізу;

Шараға 1 курс студенттері, топ кураторлары, жастар спорт комитеті, декан орынбасарларымен спорттық секцияның жаттықтырушылары қатысты. Шара барысында дене тәрбиесі кафедрасының аға оқытушысы, көркем гимнастикадан СССР спорт шебері Федорченко Людмила Ивановна бой сауықтыру мақсатында қыздырыну жаттығуларын жасатты.