М.Өтемісов атындағы Батыс Қазақстан мемлекеттік университетінің 2018-2019 оқу жылындағы «Білім» топ студенттерінің (1, 2 курс) үздіксіз педагогикалық сараман бойынша қорытынды есебі

 

Бекітілген үздіксіз сараман оқу жоспарына және оқу кестесіне сәйкес төмендегі күндізгі оқу бөлімінің мамандықтары сараманнан өтті:

1. Күндізгі оқу бөлімінің 5В010800 «Дене шынықтыру және спорт» мамандығының 2 курс (ФКС-21, ФКС-22, ФКС-23, ФКС-25), 5В010400 «Бастапқы әскери дайындық» мамандығының 2 курс (НВП-21, НВП-22) студенттері 8.10.18-20.10.18ж.ж. уақыт аралығында №6 ЖОББМ, №47 ЖОББМ, №40 ЖОББМ, №20 ЖОББ, № 10 А.Байтұрсынов атындағы ЖОББМ, Спортқа дарынды балаларға арналған мамандандырылған облыстық мектеп-интернаты, №46 ЖОББМ, №45 ЖОББМ, №39 ЖОББМ, №1 ЖОББМ, №27 М.Маметова атындағы физика-математика бағытындағы мектеп-лицейінде үздіксіз сараманнан өтті.

2. Күндізгі оқу бөлімінің 5В011200 «Химия» мамандығының 2 курс (Х/англ-2), 5В010600 «Музыкалық білім» мамандығының 2 курс (Моб-21) студенттері 5.11.18-17.11.18ж.ж. аралығында және 5В011200 «Химия» мамандығының 1 курс (Х/англ-1), 5В011300 «Биология» мамандығының 2 курс (Б-21, Б-23, Б-25, Б-24, Б/англ-2), 5В011600 «География» мамандығының 2 курс (Г-21), 5В011700 «Қазақ тілі мен әдебиеті» мамандығының 2 курс (ҚТӘ-21, ҚТӘ-23), 5В012100 «Қазақ тілінде оқытпайтын мектептердегі қазақ тілі мен әдебиеті» мамандығының 2 курс (ҚТОМҚТӘ-21), 5В011900 «Шетел тілі: екі шетел тілі» мамандығының 2 курс (ИЯ-21, ИЯ-23, ИЯ-25, ИЯ-22), 5В011000 «Физика» 1 курс (Физ/англ-1), 2 курс (Физ/англ-2), 5В011100 «Информатика» 1 курс (И/англ-1), 2 курс (И-21, И/англ-2) студенттері 12.11.18-24.11.18ж.ж. және 5В011400 «Тарих» мамандығының 2 курс (Ист-21, Ист-22, Ист/у-23) студенттері 19.11.18-01.12.18ж.ж. уақыт аралығында №46 ЖОББМ, №34 А.Тайманов атындағы мектеп-гимназия, № 10 А.Байтұрсынов атындағы ЖОББМ, Ж.Досмұхамедов атындағы педагогикалық колледж, №41 жаратылыстану-математика бағытындағы мектеп-лицей, №40 ЖОББМ, №19 ЖОББМ, №20 ЖОББМ, №16 ЖОББМ, №9 ЖОББМ, № 42 «Ақниет» мектеп-гимназия, №8 Дарынды балаларға арналған мамандырылған облыстық мектеп, №26 ЖОББМ, №23 ЖОББМ, №5 ЖОББМ, №7 ЖОББМ, №1 ЖОББМ, №33 ЖОББМ, №45 ЖОББМ, №46 ЖОББМ, №43 ЖОББМ, №44 ЖОББМ, №25 ЖОББМ, №6 ЖОББМ, №47 ЖОББМ, №27 М.Маметова атындағы физика-математика бағытындағы мектеп-лицей, №17 ЖОББМ, №19 ЖОББМ, №22 ЖОББМ мектептерде үздіксіз сараманнан өтті.

3. Күндізгі оқу бөлімінің 5В010900 «Математика» 1 курс (М-11, М-12), 5В011000 «Физика» 1 курс (Физ-11, Физ-12), 5В011100 «Информатика» 1 курс (И-11) студенттері 04.02.19-16.02.19 ж.ж. уақыт аралығында, 5В010800 «Дене шынықтыру және спорт» мамандығының 1 курс (ФКС-11, ФКС-12, ФКС-13, ФКС-15), 5В010400 «Бастапқы әскери дайындық» мамандығының 1 курс (НВП-11, НВП-12) студенттері 11.02.19-23.02.19 ж.ж. уақыт аралығында және 5В010600 «Музыкалық білім» мамандығының 1 курс (Моб-11, Моб-12), 5В010700 «Бейнелеу өнері және сызу» мамандығының 1 курс (ИИЧ-11, ИИЧ-12), 5В010900 «Математика» 2 курс (М-21, М-22, М-23), 5В011000 «Физика» 2 курс (Физ-21, Физ-22) студенттері 18.02.19-02.03.19 ж.ж. уақыт аралығында, 5В011700 «Қазақ тілі мен әдебиеті» мамандығының 1 курс (ҚТӘ-11, ҚТӘ-13), 5В012100 «Қазақ тілінде оқытпайтын мектептердегі қазақ тілі мен әдебиеті» мамандығының 1 курс (ҚТОМҚТӘ-11) студенттері 25.02.19-09.03.19 ж.ж. уақыт аралығында №5 ЖОББМ, №33 ЖОББМ, №1 ЖОББМ, №1 ЖОББМ, №39 ЖОББМ, №40 ЖОББМ, Орал гуманитарлық колледж, №48 ЖОББМ, № 10 А.Байтұрсынов атындағы ЖОББМ, №46 ЖОББМ, №45 ЖОББМ, №30 Хиуаз Доспанова атындағы ЖОББМ, №27 М.Маметова атындағы физика-математика бағытындағы мектеп-лицей, Спортқа дарынды балаларға арналған мамандандырылған облыстық мектеп-интернаты, №16 ЖОББМ мектептерде үздіксіз сараманнан өтті.

4. Күндізгі оқу бөлімінің 5В011400 «Тарих» мамандығының 1 курс (Ист-11, Ист-12, Ист/у-13), 5В011200 «Химия» мамандығының 1 курс (Х-11, Х-12), 5В011300 «Биология» 1 курс (Б-11, Б-12, Б-13), 5В011600 «География» 1 курс (Г-11, Г-12, ГИ-11), 5В011800 «Орыс тілі мен әдебиеті» 1 курс (РЯЛ-12, РЯЛ/у-14), 5В012200 «Орыс тілінде оқытпайтын мектептердегі орыс тілі мен әдебиеті» 1 курс (РЯЛШ-12), 5В011900 «Шетел тілі: екі шетел тілі» 1 курс (Ия-11, Ия-13, Ия-15, Ия-17, Ия-12) студенттері 01.04.19-13.04.19 ж.ж. және 5В010900 «Математика» 2 курс (М/у-25), 5В011000 «Физика» 2 курс (Физ/у-23) студенттері 08.04.19-20.04.19 ж.ж. және 5В011500 «Құқық және экономика негіздері» 2 курс (ОПЭ-21) студенттері 15.04.19-27.04.19 ж.ж. уақыт аралығында №46 ЖОББМ, №34 А.Тайманов атындағы мектеп-гимназия, № 10 А.Байтұрсынов атындағы ЖОББМ, Ж.Досмұхамедов атындағы педагогикалық колледж, Орал гуманитарлық колледж, №41 жаратылыстану-математика бағытындағы мектеп-лицей, №40 ЖОББМ, №19 ЖОББМ, №20 ЖОББМ, №16 ЖОББМ, №9 ЖОББМ, № 42 «Ақниет» мектеп-гимназия, №8 Дарынды балаларға арналған мамандырылған облыстық мектеп, №26 ЖОББМ, №23 ЖОББМ, №5 ЖОББМ, №7 ЖОББМ, №1 ЖОББМ, №33 ЖОББМ, №45 ЖОББМ, №46 ЖОББМ, №43 ЖОББМ №44 ЖОББМ, №25 ЖОББМ, №6 ЖОББМ, №47 ЖОББМ, №27 М.Маметова атындағы физика-математика бағытындағы мектеп-лицей, №17 ЖОББМ, №19 ЖОББМ, №22 ЖОББМ мектептерде үздіксіз сараманнан өтті.

Үздіксіз педагогикалық және оқу сараманына шығар алдында студенттерге конференция өткізіліп, сараманға қажетті құжаттармен жалпы өту барысымен таныстырылды.

Үздіксіз педагогикалық сараман кезінде 1 курс студенттері мектептің нормативтік құжаттарына сәйкес төмендегідей оқу-тәрбие жұмысы жүйесімен танысты:

- местептің негізгі жұмыс бағыттарымен;

- Мемлекеттік стандартпен, мамандық бойынша оқу пәнінің типтік бағдарламаларымен;

- оқу пәндері бойынша мектеп кабинеттерінің құрал-жабдықтары және компьютерлік сыныптармен;

- мектептің тұтас педагогикалық процесін басқару жүйесімен (директор, директор орынбасары, т.б.);

- мектеп құжаттарымен (мектеп жұмысының жоспары, сынып жетекші жоспары, т.б.);

- түрлі оқу әдістерін қолдану негізінде пән мұғалімі мен сынып жетекші қызыметімен (бақылау, сауалнама, интервью, т.б);

- мектеп психологінің қызыметімен;

- балалардың физикалық даму ерекшеліктерімен, күн тәртібімен, тамақтану тәртібімен, сабақ кестесімен;

- мектептің материалдық-техникалық жабдықталуымен.

Оқушыларды зерттеп білу үшін қолданылатын оқу-зерттеу әдістемелерін игерді. (бақылау, әңгімелесу, сауалнама, т.б.).

Сыныптың оқу-тәрбие жұмысына қатысты:

- сынып жетекшісіне оқушылармен дайындап, өткізілетін сабақтан тыс тәрбие шараларын өткізуге көмек көрсету;

- пән мұғаліміне сабаққа түрлі дидактикалық материалдарды таңдап алуға көмектесу;

- жеке оқушылармен жеке жұмыстар.

1 курс студенттерінің тапсыратын есептік құжаттары:

1. Тапсырмаларды орындағаны жөніндегі мектеп директорымен бекітілген сынып жетекшісі мен пән мұғалімінің қолдары қойылған студенттің жеке жұмыс жоспары.

2. Күнделік.

3. Оқушының психологиялық-педагогикалық мінездемесі.

4. Жасалған жұмыстар туралы есебі.

Үздіксіз педагогикалық сараман кезінде 2 курс студенттері мектептің нормативтік құжаттарына сәйкес төмендегідей оқу-тәрбие жұмысы жүйесімен танысты:

- мұғалімдердің нормативтік жоспарлары (оқу жоспары; оқу бағдарламасы; пән мұғалімінің күнтізбелік, тақырыптық жоспарлары);

- пән бойынша оқу кабинеті (кесте, схема, үйлестірмелі дидактикалық материалдар, электронды оқулықтар, т.б. болуы)

- түрлі формадағы оқу үрдісінің жағдайы (сабақ, семинар, дөңгелек үстел, дебаттар, т.б.);

- пән бойынша сабақтан тыс шаралар;

- психологиялық-педагогикалық диагностикалық әдістемелерді қолданатын балалар ұжымы;

- оқушылардың жас ерекшеліктері;

- сынып жетекшісінің жұмыс түрі;

- қазіргі білім беру технологияларын енгізуі.

Қатысты:

- пән мұғалімінің сабағына дидактикалық материалдарды дайындауға;

- сабақтан тыс шараларды өткізуге (оқу пәні бойынша);

- оқушыларға оқу материалын игеруге көмектесуге;

- тәрбие жұмысы жоспарына сәйкес тәрбие шараларын жүргізуге.

Жүзеге асырды:

- сабақтың жалпыдидактикалық, психологиялық талдауы;

- класстың психо-педагогикалық сипаттамасының құрылымын;

- кәсіби өзін-өзі тәрбиелеу және өзін-өзі жетілдіру бағдарламасын жүзеге асыру жұмыстарын.

2 курс студенттерінің есептік құжаттары:

1. Тапсырмаларды орындағаны жөніндегі мектеп директорымен бекітілген сынып жетекшісі мен пән мұғалімінің қолдары қойылған студенттің жеке жұмыс жоспары

2.Педагогикалық күнделік.

3.Сынып ұжымының психолого-педагогикалық сипаттамасы.

4.Жасалған жұмыстар жөнінде есеп (еркін түрде).

Педагогикалық сараман бойынша сараман есебін тыңдау кестесіне сәйкес кафедрада кафедра меңгерушісі, сараман жетекшісі мен бекітілген әдіскерлер қатысуымен тыңдалым өтіп, қорытынды шығарылып, бағалары қойылды.

Сараман кезінде хиджаб киген студенттерді мектептердің қабылдамауы, мектептің құжаттарды дер кезінде бермеуі, мұғалімдердің өз құжаттарын уақытылы тапсырмауы, мектептің басқа банкке ауысуы, студенттердің барлық курстардың сараманға бір уақытта шығуы сияқты қиындықтар кездесті.