ПЕДАГОГИКА ЖӘНЕ ПСИХОЛОГИЯ КАФЕДРАСЫ

Педагогика және психология кафедрасының меңгерушісі - п.ғ.к., доцент Иргалиев А.С.

Мекен-жайы: БҚО Орал қ., Студенческая к. № 7 оқу корпусы.

Байланыс телефондары:  8 (7112) 505346

Е-mail: Kaf_ped7@mail.ru

Кафедра миссиясы: жоғары кәсіби жаңа формат мамандарын даярлау.

Кафедра мақсаты: еңбек нарығында бәсекеге қабілетті және қажетті педагог-психологтарды, психологтарды, әлеуметтік педагогтарды және өзін-өзі тану пәні мұғалімдерін даярлау.

Кафедра «5В010300 – Педагогика және психология», «5В012300 – Әлеуметтік педагогика және өзін-өзі тану», «6М010300 – Педагогика және психология», «6М050300 – Психология» білім беру бағдарламары бойынша мамандар даярлайды.

Кафедра принциптері:

  1. Білім беру қызметінің сапасын арттыру;
  2. Сапалы жұмыс жасауға жауапкершілік, жұмысын адал орындау;
  3. Үздіксіз білім алу мен құзыреттілік.

Кафедраның негізгі іс-әрекет бағыттары:

  1. Оқыту сапасын үздіксіз жетілдіруді қамтамасыз ету;
  2. Дәріс, семинар және практикалық сабақтардың ғылыми және әдістемелік деңгейлерін арттыру, білім беру қызметтерінің траекториясын құру;
  3. Кафедрада оқылатын пәндердің оқу-әдістемелік және электрондық оқу-әдістемелік кешендерін жасау және оларды әдістемелік қамтуды іске асыру;
  4. Қолданбалы ғылыми зерттеулер жүргізу, профессор-оқытушылық құрамның инновациялық қызметін дамыту;
  5. Кафедра мүшелері, магистранттар даярлаған ғылыми-зерттеу жұмыстарын талқылау және диссертация қорғауға, мақала жариялауға ұсыныстар беру;
  6. Студенттердің ғылыми-зерттеу жұмыстарын ұйымдастыру, оларды ғылыми конференция, семинар, конкурстарға қатыстыру;
  7. Ізгіліктікті, белсенді азаматтық позицияны, патриотизмді, әлеуметтік жауапкершілікті, жоғары адамгершілік және көшбасшылық сапаларды қалыптастыру мақсатында студенттермен тәрбие жұмысын жүргізу;
  8. Білім беру ұйымдарымен, отандық және шетелдік жоғары оқу орындарымен және ғылыми орталықтарымен әлеуметтік серіктестікті дамыту;
  9. Халықаралық байланыстарды кеңейту, білім алушылар мен ПОҚ-ның академиялық ұтқырлығын дамыту.

Кафедраның ғалымдары – п.ғ.д., профессор Имангалиев А.С., пс.ғ.к., т.ғ.д., доцент Н.А.Адельбаева, пс.ғ.к., доцент Нургалиев К.А., п.ғ.к., доцент Молдагалиев Б.А., п.ғ.к., доцент Даулетов Н.Д., п.ғ.к., доцент Габдрахманова Ш.Т., п.ғ.к., доцент Муханбетчина А.Г., п.ғ.к., доцент Иргалиев А.С.

Кафедрада 2 ғылым докторы, 7 ғылым кандидаты, 12 тәжірибелі оқытушы-магистрлар қызмет атқарады.

Педагогика және психология кафедраға қарасты психологиялық-педагогикалық кешен құрылымында «Бәйтерек» акмеологиялық орталығы, «Тезаурус» тренинг кабинеті, психологиялық-педагогикалық диагностика кабинеті, «Жан жылуы» инклюзивті орталығы қызмет етеді.