«Студентке бағытталған оқытуды тиімді ұйымдастырудағы оқытушы шеберлігі» атты әдістемелік апталық

Педагогика факультетінде 18-22 ақпан күндері аралығында «Студентке бағытталған оқытуды тиімді ұйымдастырудағы оқытушы шеберлігі» атты әдістемелік апталық өткізілді.

Апталықтың мақсаты: Студентке бағытталған оқытуды ұйымдастыруда оқытушы шеберлігін арттыру және тәжірибе алмасу.

Міндеттері:

· Студенттер үшін оқу ортасында сапалы трансформация процесін ұйымдастыру тәжірибесімен бөлісу.

· Студенттердің дербестігін және олардың сыни қабілетін жақсартуға бағытталған әдіс-тәсілдерді қолдану.

· Оқу үрдісінде студенттердің өзіндік позициясын қалыптастырудың жолдарын қарастыру.

· Студенттердің өзін-өзі дамытуына және өзін-өзі жетілдіруіне ықпал ететін жағдай жасау.

«Мектепке дейінгі және бастауышта білім беру» кафедрасының әдістемелік апталық жұмыс тәртібі төмендегідей болды:

19 ақпан, сағ. 10:00 №7оқу ғимараты, 507 ауд. «Оқу мен оқытудағы тиімді әдіс-тәсілдер» шеберлік сынып. Хабиева Д.Г. – аға оқытушы, магистр, Ерниязова С.Н. – аға оқытушы, магистр.

сағ. 16:00 №7оқу ғимараты, 507 ауд. «Оқыту барысында CLIL әдістемесін қолдану» шеберлік сынып. Ергалиева Г.А. – п.ғ.к., доцент, Даулетова А.Т. – оқытушы, магистр

20 ақпан, сағ. 15:00 №7оқу ғимараты, 513 ауд. «Батамен ел көгерер...» кураторлық сағат. Есенова С.Н. – оқытушы, магистр, Муканова А.Д. –оқытушы, магистр

21 ақпан, сағ. 13:10 №7оқу ғимараты, 216 ауд. «Нәрестелік шақтағы балалар тәрбиесі» дәріс сабағы. Арыстангалиева В.Т. – оқытушы, магистр

сағ. 15:00 №7оқу ғимараты, 407 ауд. «Жалпы білім беру жүйесінде инклюзивті ортаны қалыптастыру» шеберлік сынып. Маденова Л.М. – аға оқытушы, магистр, Даргужиева А.А. –оқытушы, магистр

22 ақпан, сағ. 15:00 №7оқу ғимараты, 512 ауд. «Жаңашыл оқыту – заман талабы» тренинг сабақ. Мақсотова Т.Т. – оқытушы, магистр, Есқақова Ф.Е. – оқытушы, магистр

Оқытушылар сабақтарын сәтті өткізді. Әдістемелік апталық жоғарғы деңгейде өтті.