«ҚАЗАҚСТАНДЫҚ МЕКТЕПКЕ МАМАНДАР ДАЯРЛАУ: ЖАҢА МАЗМҰН ЖӘНЕ ТӘЖІРИБЕМЕН БАЙЛАНЫС»

РЕСПУБЛИКАЛЫҚ ҒЫЛЫМИ-ТӘЖІРИБЕЛІК КОНФЕРЕНЦИЯ

2019 жылдың 5-6 наурыз күндері М.Өтемісов атындағы Батыс Қазақстан мемлекеттік университеті Орал қ. Педагогикалық шеберлік Орталығының филиалымен біріге отырып, «Қазақстандық мектепке мамандар даярлау: Жаңа мазмұн және тәжірибемен байланыс» атты республикалық ғылыми-тәжірибелік конференция өткізілді.

Конференцияға қатысуға педагогикалық ЖОО және колледж оқытушылары, мектеп педагогтары және жетекшілері, біліктілікті арттыру бағдарламаларының тренерлері, әдістемелік қызметкерлер шақырылды.

Конференция жұмысы 4 бағыттан тұрды. Олар:

1.ЖОО және колледжде мұғалімдерді даярлау бағдарламаларының мазмұны. Жаңартылған білім мазмұны контентіне сәйкестігі және өзектілігі.

2.ЖОО және колледжде жаңартылған білім мазмұнына қатысты элективті курстар. Оқытудың мазмұны және технологиялары.

3.Студенттердің педагогикалық сараманы - маман даярлаудың, мамандыққа бейімделудің және кәсіби сәйкестікті қалыптастырудың құралы. Болашақ маманды даярлауда мектеп ұжымының миссиясы.

4.Қазақстандық мектептің мамандарын жаңарту перспективалары. Мектеп және ЖОО өзара әрекеттесуі.

Конференция аясында USM (University – School – Mastery – студенттің педагогикалық тәжірибесі мен академиялық оқуының жүйелі интеграциясы) жобасын жүзеге асырудың алғашқы жылының презентациясы көрсетілді.

Конференция қорытындылары бойынша қатысушылардың баяндамалары және презентацияларының жинағы шығарылуда.