М. Өтемісов атындағы Батыс Қазақстан мемлекеттік университетінің ұйымдастыруымен мектеп түлектеріне мамандық таңдау және кәсіби бағдар беру жұмысын жүргізу мақсатында баскетболдан қыздар командалары арасындағы жарыс қорытындысы.

2019 жылдың 10 сәуір күні сағ. 14.00-де БҚМУ спорт сарайында баскетболдан қыздар арасында жолдастық кездесу ұйымдастырылды. Жарысқа №1, 25, 26 ЖОББМ-рі және университет құрама командасы қатынасты.

Жарыстың мақсаты – студент оқушыларды бос уақыттарын спортпен шұғылдану , тәжірибе алмасу және кәсіби бағдар беру болып табылады. Жарысқа барлығы 40- шақты ойыншылар қатынасты. Жарыс әділ және қарқында өтті.

 

 

 

Қорытындылай келе І –орын №1 ЖОББМ

ІІ – орын №26 ЖОББМ

ІІІ – орын №25 ЖОББМ

Жүлделі орын алған командалар мен үздік ойыншылары арнайы М. Өтемісов атындағы БҚМУ-дің дипломдарымен және сыйлықтарымен марапатталды.