Мектепке дейінгі және бастауышта білім беру кафедрасының меңгерушісі Д.Г.Хабиева 2019 жылдың 12-сәуір күні Х.Досмұхамедов атындағы Атырау мемлекеттік университетінде өткен п.ғ.д., профессор Барсай Бақыт Телжанқызының мерейлі 70 жасқа толуына арналған «Білім беру мазмұнын жаңарту жағдайында педагогикалық кадрларды кәсіби даярлау: құзыреттілік, технология, инновация» атты республикалық ғылыми-әдістемелік конференцияға қатысып келді. Конференцияның пленарлық жұмысына әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық университетінің профессоры, п.ғ.д. Шәркүл Таубаева, жазушы Мереке Құлкенов арнайы келіп қатысты. Қазіргі білім беру саласында болып жатқан жаңалықтарды талқылаған конференция жұмысында Ақтөбе, Атырау өңірінің ғалымдары пікір алмасып, тәжірибелерімен бөлісті. Жоғары оқу орындары арасындағы ғылыми байланысты дамытатын мұндай басқосулардың берері мол.