2018 жылдың 28 желтоқсанда «Жоғары оқу орнының үздік оқытушысы» атағын беру жөніндегі республикалық байқау комиссияның отырысы өтті.

Байқауға еліміздің 80 жоғары оқу орнынан 481 үміткер қатысты.

М.Өтемісов атындағы Батыс Қазақстан мемлекеттік университеті Педагогика факультетінің деканы, п.ғ.к., доцент Габдрахманова Шынар Тулегеновна Республикалық байқауда 2018 жылғы «Жоғары оқу орнының үздік оқытушысы» атағына ие болды.