Мектепке дейінгі және бастауышта білім беру кафедрасы

 

 

 

Мектепке дейінгі және бастауышта білім беру кафедрасының меңгерушісі - магистр., аға оқытушы  Д.Г.Хабиева

Мекен-жайы: БҚО Орал қ., Студенческая к. № 7 оқу корпусы.

Байланыс телефондары:8 (7112) 505346

Е-mail: dnokafedra@mail.ru

Кафедра миссиясы: бәсекелестікке қабілетті, жоғары кәсіби мамандарын даярлау.

Кафедра мақсаты: еңбек нарығында қажетті бастауыш сынып мұғалімдерін, тәрбиешілерді даярлау.

Кафедра «5В010100 – Мектепке дейінгі оқыту және тәрбиелеу», «5В010200 – Бастауыш оқыту педагогикасы мен әдістемесі», «6М010200 – Бастауыш оқыту педагогикасы мен әдістемесі» білім беру бағдарламары бойынша мамандар даярлайды.

Кафедра принциптері:

  1. Білім беру қызметінің сапасын арттыру;
  2. Сапалы жұмыс жасауға жауапкершілік, жұмысын адал орындау;
  3. Үздіксіз білім алу мен құзыреттілік.

Кафедраның негізгі іс-әрекет бағыттары:

  1. Оқыту сапасын үздіксіз жетілдіруді қамтамасыз ету;
  2. Дәріс, семинар және практикалық сабақтардың ғылыми және әдістемелік деңгейлерін арттыру, білім беру қызметтерінің траекториясын құру;
  3. Кафедрада оқылатын пәндердің оқу-әдістемелік және электрондық оқу-әдістемелік кешендерін жасау және оларды әдістемелік қамтуды іске асыру;
  4. Қолданбалы ғылыми зерттеулер жүргізу, профессор-оқытушылық құрамның инновациялық қызметін дамыту;
  5. Кафедра мүшелері, магистранттар даярлаған ғылыми-зерттеу жұмыстарын талқылау және диссертация қорғауға, мақала жариялауға ұсыныстар беру;

6.Студенттердің ғылыми-зерттеу жұмыстарын ұйымдастыру, оларды ғылыми конференция, семинар, конкурстарға қатыстыру;

  1. Ізгіліктікті, белсенді азаматтық позицияны, патриотизмді, әлеуметтік жауапкершілікті, жоғары адамгершілік және көшбасшылық сапаларды қалыптастыру мақсатында студенттер мен тәрбие жұмысын жүргізу;
  2. Білім беру ұйымдарымен, отандық және шетелдік жоғары оқу орындарымен және ғылыми орталықтарымен әлеуметтік серіктестікті дамыту;
  3. Халықаралық байланыстарды кеңейту, білім алушылар мен ПОҚ-ның академиялық ұтқырлығын дамыту.

Кафедраның ғалымдары – п.ғ.д., доцент Сарсенбаева Б.И., п.ғ.к., профессор Ломоносов И.М., п.ғ.д., профессор Құрманалина Ш.Х., п.ғ.к., доцент Хасанова И.У., п.ғ.к., доцент Ерғалиева Г.А., п.ғ.к., доцент Л.В.Обыденкина., п.ғ.к., Казетова А.Х.

Кафедрада  2 ғылым докторы, 6 ғылым кандидаты, 16 тәжірибелі оқытушы-магистрлар қызмет атқарады.

Мектепке дейінгі және бастауышта білім беру кафедрасына қарасты Мектепке дейінгі педагогика жабдықталған кабинеті (511 ауд), Инновациялық педагогика кабинеті (512 ауд) қызмет атқарады.