«Педагогика и психология» кафедрасының қаржыландырылған ғылыми-зерттеу жобалары

2016-2017 жылдар

Жоғары және орта білім беру бағдарламаларының жаңару жағдайында кәсіби-құзіретті мамандарды дайындау. Ғылыми жетекші: педагогика ғылымдарының кандидаты, аға оқытушы Хасанова И.У.

(М.Өтемісов ат. БҚМУ есебінен қаржыландыру)

2017-2018 жылдар

1. «Мәңгілік ел» ұлттық идеяның даму контекстінде ЖОО-дағы көптілді білім беру үдерісін ғылыми-теориялық қамтамасыз ету. Жоба жетекшісі: М.Өтемісов атындағы БҚМУ педагогика және психология кафедрасының доценті, п.ғ.к. Габдрахманова Ш.Т. Б.Б.Городовиков атындағы Қалмақ мемлекеттік университетімен серіктесе отырып (Ресей, Элиста).

2. Жаңартылған білім беру мазмұны жағдайында «Мәңгілік ел» идеясын жүзеге асыру үшін педагог-психологтарды даярлаудың ғылыми-әдістемелік негіздерін зерттеу. Жоба жетекшісі: М.Өтемісов атындағы БҚМУ педагогика және психология кафедрасының доценті, п.ғ.к.Иргалиев А.С.

2018-2019 жылдар

1. Жоба тақырыбының атауы: " Паллиативтік көмек көрсетуде қолданылатын түзету-алдын алу және диагностикалық бейімделген және авторлық әдістемелерді құрастыру". Жоба жетекшісі: Адельбаева Н.А., т.ғ.д., п.ғ.к., М. Өтемісов атындағы БҚМУ доценті. Жобаның мақсаты: инкурабельді науқастарға, туысқандары мен денсаулық сақтау қызметкерлеріне паллиативтік көмек көрсету бойынша психологиялық-әлеуметтік әдістемелерді бейімдеу және құрастыру.

2. Жоба тақырыбының атауы: "WEB-қосымшалар негізінде жасөспірімдерді кәсіби психодиагностикалауға арналған онлайн-әдістемесін құрастыру". Жоба жетекшісі - Иргалиев А. С., педагогика ғылымдарының кандидаты, М. Өтемісов атындағы Батыс Қазақстан мемлекеттік университетінің Педагогика және психология кафедрасының доценті. Жобаның негізгі идеясы орта мектеп оқушыларын ерте кәсіптік диагностикалаудың ғылыми-әдістемелік негіздерін зерттеу және негіздеу болып табылады.