М.Өтемісов атындағы Батыс Қазақстан мемлекеттік университеті, «БҚМУ «Ақиқат» пікір-талас орталығы» жастар қоғамдық бірлестігінің қолдауымен, педагогика факультеті, мектепке дейінгі және бастауышта білім беру кафедрасының ұйымдастыруымен Жастар жылына орай педагогика факультетінің кубогына арналған университетшілік пісірсайыс турнирі өткізілді. Турнирге әр факультеттен 2 фракциядан қатысты. Турнир нәтижесі бойынша ұтымды пікірлерімен ерекшеленіп, үздік нәтиже көрсеткен «Kings» франкциясы (Орынбаев Ақжол, Жалмұқан Ерсұлтан – тарих экономика және құқық факультеті) І орын, «Шах и мат» франкциясы (Бекалиева Ригина, Алдабергенова Әсел –филология факультеті) ІІ орын, «Кеттік, бәрін таста» франкциясы (Латифов Санжар, Ермекбаев Қобылан - жаратылыстану-география факультеті) ІІІ орын иеленді. «Креативті фракция» номинациясына (Талқанбаева Гүлім, Қабдиева Алия - жаратылыстану-география факультеті) лайық деп танылса, «Үздік төреші» номинациясымен Әбдірәсіл Дина (филология факультеті) және «Үздік спикер» номинациясымен Алдабергенова Әсел (филология факультеті) марапатталды. Барша жеңімпаздарды шын жүректен құттықтаймыз!