«Бастауыш оқыту әдістемесі және педагогикасы» мамандығының 1курс ПиМНО-11,12 топтарының студенттері 11.01.2016 – 16.01.2016 ж. уақыт аралығында «Кәсіби іс-әрекетке кіріспе» оқу практикаданөтуге №34, 19, 2, 6 ЖББОМ жіберілді. Бұл практиканың мақсаты: болашақ мұғалімнің кәсіби құндылығын, педагогикалық бағыттылығын қалыптастыру. Практика 1 жұма өткізілді. Студенттер практика кезінде бастауыш мемлекеттік стандартпен, мамандық бойынша оқу пәнінің типтік, бағдарламаларымен, мектептегі тұтас педагогикалық процестегі басқару жүйесімен, мектеп құжаттарымен, бастауыш сынып мұғалімінің жоспарларымен, сабақ кестесімен танысты. Сонымен қатар, оқушы тұлғасының психологиялық мінездемесін жасады.

«Бастауыш оқыту әдістемесі және педагогикасы» мамандығының 2курс 06202 тобының студенттері 11.01.2016 – 13.02.2016 ж. уақыт аралығында «Кіші мектеп жасындағы оқушы тұлғасының педагогикалық диагностикасы» және «Тәрбие жұмысы әдістемесі» практикаларынанөтуге №19, 10, 22 ЖББОМ жіберілді. «Кіші мектеп жасындағы оқушы тұлғасының педагогикалық диагностикасы» практиканын мақсаты: кіші мектеп жасындағы оқушы тұлғасының педагогикалық диагностикасын ұйымдастыру. Студентер психологиялық-педагогикалық және арнайы білімдерін тереңдетті, кіші мектеп жасындағы оқушылардың ойын, оқу, дене, еңбек әрекетерінің ерекшеліктерімен танысты, кіші мектеп жасындағы оқушылармен ғылыми-зерттеу жұмыстарын жүргізді. «Тәрбие жұмысы әдістемесі» практика кезінде студенттер тәрбие жұмысының кейбір түрлері мен формаларын өз бетінше дайындап өткізді. мұғалімнің тәрбие іс-шараларына дидактикалық материалдары дайындады.

«Бастауыш оқыту әдістемесі және педагогикасы» мамандығының 3курс 06301а мен 06301б топтарының студенттері 18.01.2016 – 13.02.2016 ж. уақыт аралығында «Сабақ беріп көру» практикаданөтуге №37, 42, 40, 6 ЖББОМ жіберілді. Бұл практиканың мақсаты сыныптағы тұтас педагогикалық процесте сынып жетекшісінің және пән мұғалімінің оқыту, тәрбиелеу және дамыту қызметін іске асыруы болып табылады. Практиканың ерекшелігі студент алған білімі негізінде өз қабілетін, мүмкіндігін көрсету үшін өз бетімен жұмыс жасайды. Әдіскер ретінде «Педагогика және психология» кафедрасының оқытушылары Г.Е.Тлепбергенова, С.Н.Ерниязова, И.У.Хасанова бекітілді.

Бұл практикадан өтуге мектеп студенттерді қабылдауға даяр болды. Бір апта бұрын бөлінген кластары бойынша қүнтізбелік-тақырыптық жоспары мен тәрбие жұмысының жопарын алып, танысып, жеке пәндер әдістемесі бойынша әдістемелік папка жасақталды.

«Сабақ беріп көру» практикасына байланысты 3 курс студенттерінің дайындық жұмыстары жүргізілді. Әрбір студент бастауыш сыныпта оқытылатын барлық пәндердің бағдарламаларымен танысып, сынып мұғалімі мен практика жетекшісімен бірлесе отырып, 3-тоқсанның әр пәнге байланысты тақырыптық жоспарларындағы өзгерістерді анықтап, тәрбие жұмысы жоспарын құрастырады. Даярлық кезеңде машықкер мен әдіскерлердің қатысуымен ұйымдастыру конференциясы оздырылды. Оның барысында студенттер бөлініп, оларға әдіскерлер бекітілді. Сондай-ақ, машықкерлер практиканың мақсат-міндеттерімен, іс-әрекет мазмұнымен, практика соңында тапсырылатын құжаттар мен оларға қойылатын талаптармен танысты.

Практика 4 апта бойы жүргізілді. Бірінші аптада бақылау жұмыстары, яғни студенттер оқушыларды меңгереді, мұғалімдердің сабақтарына, сыныптан тыс жұмыстарына қатысты. Сабаққа толық педагогикалық-психологиялық немесе ішінара талдау жасап, бақылағандарын арнайы күнделікке жазып, толтырып отырды. Класс құжаттарымен танысып, мәліметтер күнделіктің алғашқы беттеріне жазылды. Студенттердің өткізілетін сабақтарының тақырыптарын анықталып, жоспар құрылды.

Екінші аптадан бастап студенттер мектептің оқу-тәрбие жұмысына араласып, пәндер бойынша сабақ беруге кірісті және класс жетекшілік міндетін де қоса атқарды. Әрбір студент:

- математика, қазақ тілі, ана тілі пәндерінен 3 сабақтан;

- дүниеттану, бейнелеу, саз, еңбек, дене тәрбиесі, (ағылшын, информатика) пәндерінен 1 сабақтан;

- бірден кем емес сыныптан тыс жұмыс немесе тәрбие шарасын өткізді.

Практика кезінде студенттердің оқу-тәрбие жұмыстарында байқалған жақсы жақтары көп болды: өздеріне сенімді болып, еркін ұстауы, жауапкершілікті сезінуі, сабақты түрлендіріп (жаңа технология элементтерін пайдалана алуы) өткізуі, көрнекіліктері эстетикалық талапқа сай болуы, мұғалімдердің ашық сабақтарына өзара сабаққа қатысулары, ата-аналар жиналысын өткізуі, ізденімпаздықтары т.б.. Барлық сабақтар жақсы әдістемелік деңгейде сынып мұғалімінің қатысуымен өткізілді.

Практиканың соңғы күні мектептерде кіші педкеңес өткізіліп, студенттер жұмысына пікір айтылып, баға берілді. Мектеп мұғалімдері мына студенттерге Біржан Н., Ербулат Б., Багитова Н. ерекше алғыстарын білдірді.

Студенттер қорытынды конференцияға есеп бойынша слайдтар дайындады. Студенттердің құжаттары жақсы безендірілген, әдіскерлер тексеріп, бағаларын қойды.

«Бастауыш оқыту әдістемесі және педагогикасы» 06401 тобының студенттері 18.01.16 – 26.03.16 аралығында мемлекеттік педагогикалық практикадан өтуге №10, №44 ЖББОМ жіберілді. Бұл практиканың мақсаты студенттердің алдыңғы курста алған білім, білік, дағдыларын жетілдіру және өз бетінше жүргізетін кәсіби-педагогикалық қызметке дайындығын анықтау болып табылады. Әдіскерлер: Хусаинов М.С., Тлепбергенова Г.Е., Хабиева Д.Г.

Даярлық кезеңде машықкер мен әдіскерлердің қатысуымен ұйымдастыру конференциясы оздырылды. Оның барысында студенттер бөлініп, оларға әдіскерлер бекітілді. Сондай-ақ, машықкерлер практиканың мақсат-міндеттерімен, іс-әрекет мазмұнымен, практика соңында тапсырылатын құжаттар мен оларға қойылатын талаптармен танысты. Студенттерге алдыңғы қателіктерді қайталамау үшін, күнделікті толтыру ережесімен таныстырып, сабақты талдау және оқушыға, сыныпқа мінездеме беру, қорытынды есеп үлгілері берілді.

Практика кезінде студенттердің атқаратын мына міндеттері бақыланды:

- сабаққа алдын-ала дайындалып, түрлендіріліп өткізуі, сабақ жоспарын класс жетекшісіне немесе әдіскерге бекітуі;

- сабаққа 15 минут бұрын келіп отыруы;

- ауырған жағдайда ескерту;

- бір-бірінің сабақтарына қатысып отыру;

- тәрбие сағаттарын өткізу;

- мектептің тәртібіне бағыну;

- оқушыға, сыныпқа педагогикалық-психологиялық мінездеме беріп, күнделікке жазып отыру;

- ашық сабақ өткізу (1 пәннен);

-мектептегі барлық шараларға қатысып, өткізуге ат салысуы.

Практика 10 апта бойы жүргізілді. Бірінші аптада бақылау жұмыстары, яғни студенттер оқушыларды меңгереді, мұғалімдердің сабақтарына, сыныптан тыс жұмыстарына қатысты. Сабаққа толық педагогикалық-психологиялық немесе ішінара талдау жасап, бақылағандарын арнайы күнделікке жазып, толтырып отырды. Класс құжаттарымен танысып, мәліметтер күнделіктің алғашқы беттеріне жазылды. Студенттердің өткізілетін сабақтарының тақырыптарын анықталып, жоспар құрылды.

Екінші аптадан бастап студенттер мектептің оқу-тәрбие жұмысына араласып, барлық пәндер бойынша сабақ беруге кірісті және класс жетекшілік міндетін де қоса атқарды. Студенттер сабақ жоспарын құру кезінде әдіскерлермен, бастауыш сынып мұғалімдерімен ақылдасды. Барлық сабақтар жақсы әдістемелік деңгейде сынып мұғалімінің қатысуымен өткізілді. Практика кезінде әр студент күнделік жүргізіп отыр, оған күнделікті жүргізген оқу-тәрбие жұмысын жазып, талдады. Сыныптағы бір оқушыға психологиялық-педагогикалық мінездеме жазу үшін зертеу материалдарын жинақтады.

Практика кезінде студенттердің оқу-тәрбие жұмыстарында байқалған жақсы жақтары көп болды: өздеріне сенімді болып, еркін ұстауы, жауапкершілікті сезінуі, сабақты түрлендіріп (жаңа технология элементтерін пайдалана алуы) өткізуі, көрнекіліктері эстетикалық талапқа сай болуы, мұғалімдердің ашық сабақтарына өзара сабаққа қатысулары, ата-аналар жиналысын өткізуі, ізденімпаздықтары т.б.. Дипломдық жұмыстар тақырыбы бойынша зерттеу жұмыстары жүргізілді.

Сонымен бірге, кемшіліктер де кездесті. Студенттердің сабақта әлі де сыныпты ұйымдастыру және тәртіпті орнатуда, барлық оқушылардың білімін бақылау, жетекші сұрақтар қоя білу, уақытты тиімді пайдалануда қиналатыны байқалды.

Практиканың соңғы күні мектептерде кіші педкеңес өткізіліп, студенттер жұмысына пікір айтылып, баға берілді. Мектеп мұғалімдері мына студенттерге Сейтқалиева А., Жанділда А., Карасаева Ж. ерекше алғыстарын білдірді.

Қорытынды конференция өткізіліп, студенттердің есебі тыңдалды және олардың жұмыстарына әдіскерлер пікірлерін білдіріп, оң баға берді. Тапсырылған құжаттары бойынша пікірлер айтылды. Әдіскерлер мектептің бастауыш сынып мұғалімдері студенттердің өткізген сабақтарына, өздерін ұстауы, сөйлеу мәдениетіне, балалармен жұмыс жасау қабілеттеріне, жалпы даярлықтарына көңілдері толғандығын айтып, алғыстарын білдіргенін жеткізді.

«Мектепке дейінгі оқыту және тәрбилеу» мамандығының 1курс ДОИВ-11,12 топтарының студенттері 18.01.2016 – 23.01.2016 ж. уақыт аралығында «Оқу таныстыру» оқу практикасын №9 «Еркемай» балабақшасынан өтті . Практиканың мақсаты: мектепке дейінгі ұйымдағы педагогтың кәсіби іс-әрекетімен таныстыру.

Практика 1 жұма өткізілді. Студенттер практика кезінде мектепке дейінгі ұйымдардың қызметімен, құрылымдық бөлімшелерімен, меңгеруші, әдіскер, тәрбиешінің жұмыс мазмұнымен танысты. Әр түрлі жастағы топтарындағы күн тәртібін талдады, балалардың өзіндік жұмыс кезінде, сабақта, серуенде тәрбиешінің педагогикалық қызметін бақылады.

«Мектепке дейінгі оқыту және тәрбилеу» 06201 тобының студенттері 14.12.2015 – 19.12.2015 ж. уақыт аралығында «Сәби шақ топтарындағы» оқу практикасын №9 «Еркемай», №6 «Шолпан» балабақшаларынан өтті . Практиканын мақсаты: сәби шақтағы балалармен жумыстың негізгі әдістемелік тәсілдерін үйренуді камтамасыз ету. Студенттер сәби шақ топтарындағы педагогикалық үрдісті ұйымдастыруымен және мазмұнымен танысты, сәби шақтағы балаларды дамыту және тәрбиелеу ерекшелігін анықтады, ойындық қызметті ұйымдастырды.