Күндізгі оқу бөлімінің «Бастауыш оқыту педагогикасы және әдістемесі» мамандығының 1 курс студенттері (ПиМНО -11,12) 02 сәуір_ мен 14 сәуір 2018 ж. уақыт аралығында «Педагогикалық қызметке кіріспе» сараманынан өтуге №43 және №6 ЖОББМ жіберілді.

Әдіскер ретінде «Мектепке дейінгі және бастауышта білім беру» кафедрасының оқытушылары С.Н.Ерниязова, Л.Г.Круглова бекітілді.

Даярлық кезеңде машықкер мен әдіскердің қатысуымен ұйымдастыру конференциясы оздырылды. Оның барысында студенттер практиканың мақсат-міндеттерімен, іс-әрекет мазмұнымен, практика соңында тапсырылатын құжаттар мен оларға қойылатын талаптармен танысты.

Практика 2 апта бастауыш сыныптарда жүргізілді. Практика кезінде студенттер бекітілген нормативтік құжаттар сәйкес мектеп жұмыс жүйесімен танысты: мектеп жұмысының негізі бағыттарымен; мемлекеттік стандартпен, мамандық бойынша оқу пәнінің типтік, бағдарламаларымен; мектептегі тұтас педагогикалық процестегі басқару жүйесі (директордың, директордың орынбасарының іс-әрекеті); мектеп құжаттарымен (мектеп жұмысының жоспары, сынып жетекшісінің жоспары және т.б); әртүрлі әдістерді (сауалнама, бақылау, сұқбат, мектап құжаттарымен танысу және т.б) пайдалануды негізінде пән мұғалімі мен сынып жетекшісінің қызметтерімен; мектептің санитарлық-гигиеналық жағдайымен; сабақ кестесі, тамақтану тәртібі, күн тәртібі, физикалық даму ерекшеліктерімен танысты.

Мектепте білікті мамандардың сабақтарына қатысып, жұмыс мазмұнымен, қарым-қатынас технологиясымен танысып, бақылап, өздеріне қорытынды жасады. Бастауыш сынып оқушы тұлғасына психологиялық мінездемесі дайындады.

Студенттердің құжаттары жақсы безендірілген, әдіскер тексеріп, бағаларын қойды. Практиканың қорытындысы кафедра отырысында қаралды. Қорытынды конференция өтті. Практика қорытындысы бойынша барлық студенттер «өте жақсы» деп бағаланды.

Күндізгі оқу бөлімінің «Бастауыш оқыту педагогикасы және әдістемесі» мамандығының 2 курс студенттері (Пимно-21, Пимно-22, Пимно/у-23 топтары) 29.01.2018-24.02.2018 ж уақыт аралығында «Тәрбие жұмысының әдістемесі» практикасына №10, 12, 19,6 ЖОББМ жіберілді.

Әдіскер ретінде «Мектепке дейінгі және бастауышта білім беру» кафедрасының оқытушылары Г.Е.Тлепбергенова, Л.Г.Круглова, Ф.Е.Есқақова бекітілді.

Даярлық кезеңде машықкер мен әдіскердің қатысуымен ұйымдастыру конференциясы оздырылды. Оның барысында студенттер практиканың мақсат-міндеттерімен, іс-әрекет мазмұнымен, практика соңында тапсырылатын құжаттар мен оларға қойылатын талаптармен танысты.

Практика 4 апта бойы жүргізілді. Практиканың алғашқы аптасында кезінде студенттер нормативті және мұғалімнің жасаған жоспарларымен (мұғалімнің оқу жоспары, оқу бағдарламасы, тәрбие жұмысы жоспары); әр түрлі түрдегі оқу процесінің жағдайымен (дебаттар, дөңгелек стол, семинар, сабақ және т.б.); пән бойынша сабақтан тыс жұмыстармен; педагогикалық-психологиялық, диагностикалық әдістемені пайдаланған балалар ұжыммен; оқушылардың жас ерекшеліктерімен; сынып жетекшісінің тәрбие жұмысы жүйесі танысты. Мектепте білікті мамандардың сабақтарына қатысып, жұмыс мазмұнымен, қарым-қатынас технологиясымен танысып, бақылап, өздеріне қорытынды жасады.

Әрбір студент тәрбие сағаттар дайындап өткізді. Сабақтан тыс уақыттарда тәрбие жұмыстарын жүргізіп, мектепте өтілген түрлі шараларға да ат салысты. Бастауыш сынып оқушы тұлғасына психологиялық мінездемесі дайындады.

Сараман кезінде студенттер белсенділік танытып, тәжірибе жинақтады, теориялық білімдерін практикада шыңдай алды. Сараманға себепсіз бармай қалған студенттер болған жоқ.

Практиканың соңғы күні мектептерде кіші педкеңес өткізіліп, студенттер жұмысына пікір айтылып, баға берілді.

Студенттердің құжаттары жақсы безендірілген, әдіскер тексеріп, бағаларын қойды. Практиканың қорытындысы кафедра отырысында қаралды. Қорытынды конференция өтті. Практика қорытындысы бойынша барлық студенттер «өте жақсы» деп бағаланды.

«Бастауыш оқыту әдістемесі және педагогикасы» мамандығының 3курс (Пимно-31, Пимно/п-33, Пимно-32 тобы) студенттері 22.01.2018-17.02.2018 ж. уақыт аралығында «Сабақ беріп көру» практикаданөтуге №46, №42, №40, №44, №6 ЖББОМ жіберілді. Бұл практиканың мақсаты сыныптағы тұтас педагогикалық процесте сынып жетекшісінің және пән мұғалімінің оқыту, тәрбиелеу және дамыту қызметін іске асыруы болып табылады. Практиканың ерекшелігі студент алған білімі негізінде өз қабілетін, мүмкіндігін көрсету үшін өз бетімен жұмыс жасайды. Әдіскер ретінде «Мектепке дейінгі және бастауышта білім беру» кафедрасының оқытушылары Г.Е.Тлепбергенова, Л.Г.Круглова, Ф.Е.Есқақова, В.Т.Арыстангалиева бекітілді.

Бұл практикадан өтуге мектеп студенттерді қабылдауға даяр болды. Бір апта бұрын бөлінген сыныптары бойынша қүнтізбелік-тақырыптық жоспары мен тәрбие жұмысының жопарын алып, танысып, жеке пәндер әдістемесі бойынша әдістемелік папка жасақталды.

«Сабақ беріп көру» практикасына байланысты 3 курс студенттерінің дайындық жұмыстары жүргізілді. Әрбір студент бастауыш сыныпта оқытылатын барлық пәндердің бағдарламаларымен танысып, сынып мұғалімі мен практика жетекшісімен бірлесе отырып, 3-тоқсанның әр пәнге байланысты тақырыптық жоспарларындағы өзгерістерді анықтап, тәрбие жұмысы жоспарын құрастырады. Даярлық кезеңде машықкер мен әдіскерлердің қатысуымен ұйымдастыру конференциясы оздырылды. Оның барысында студенттер бөлініп, оларға әдіскерлер бекітілді. Сондай-ақ, машықкерлер практиканың мақсат-міндеттерімен, іс-әрекет мазмұнымен, практика соңында тапсырылатын құжаттар мен оларға қойылатын талаптармен танысты.

Практика 5 апта бойы жүргізілді. Бірінші аптада бақылау жұмыстары, яғни студенттер оқушыларды меңгереді, мұғалімдердің сабақтарына, сыныптан тыс жұмыстарына қатысты. Сабаққа толық педагогикалық-психологиялық немесе ішінара талдау жасап, бақылағандарын арнайы күнделікке жазып, толтырып отырды. Сынып құжаттарымен танысып, мәліметтер күнделіктің алғашқы беттеріне жазылды. Студенттердің өткізілетін сабақтарының тақырыптарын анықталып, жоспар құрылды.

Екінші аптадан бастап студенттер мектептің оқу-тәрбие жұмысына араласып, пәндер бойынша сабақ беруге кірісті және класс жетекшілік міндетін де қоса атқарды. Әрбір студент:

- математика, қазақ тілі, ана тілі пәндерінен 3 сабақтан;

- дүниеттану, бейнелеу, саз, еңбек, дене тәрбиесі, (ағылшын, информатика) пәндерінен 1 сабақтан;

- бірден кем емес сыныптан тыс жұмыс немесе тәрбие шарасын өткізді.

Практика кезінде студенттердің оқу-тәрбие жұмыстарында байқалған жақсы жақтары көп болды: өздеріне сенімді болып, еркін ұстауы, жауапкершілікті сезінуі, сабақты түрлендіріп (жаңа технология элементтерін пайдалана алуы) өткізуі, көрнекіліктері эстетикалық талапқа сай болуы, мұғалімдердің ашық сабақтарына өзара сабаққа қатысулары, ата-аналар жиналысын өткізуі, ізденімпаздықтары т.б.. Барлық сабақтар жақсы әдістемелік деңгейде сынып мұғалімінің қатысуымен өткізілді.

Практиканың соңғы күні мектептерде кіші педкеңес өткізіліп, студенттер жұмысына пікір айтылып, баға берілді. Студенттер қорытынды конференцияға есеп бойынша слайдтар дайындады. Студенттердің құжаттары жақсы безендірілген, әдіскерлер тексеріп, бағаларын қойды.

«Бастауыш оқыту әдістемесі және педагогикасы» 06402 тобының студенттері 29.01.2018-07.04.2018 аралығында мемлекеттік мемлекеттік практикадан өтуге №1, №5, №22, №33, №34 ЖББОМ жіберілді. Студенттердің барлығы жаңартылған білім бағдарламасы бойынша оқитын 2 сыныптарға бөлінді. Бұл практиканың мақсаты студенттердің алдыңғы курста алған білім, білік, дағдыларын жетілдіру және өз бетінше жүргізетін кәсіби-педагогикалық қызметке дайындығын анықтау болып табылады. Әдіскерлер: Б.Ж.Гайпназарова, Л.Г.Круглова.

Даярлық кезеңде машықкерлер практиканың мақсат-міндеттерімен, іс-әрекет мазмұнымен, практика соңында тапсырылатын құжаттар мен оларға қойылатын талаптармен танысты. Студенттерге алдыңғы қателіктерді қайталамау үшін, күнделікті толтыру ережесімен таныстырып, сабақты талдау және оқушыға, сыныпқа мінездеме беру, қорытынды есеп үлгілері берілді.

Практика кезінде студенттердің атқаратын мына міндеттері бақыланды:

- сабаққа алдын-ала дайындалып, түрлендіріліп өткізуі, сабақ жоспарын класс жетекшісіне немесе әдіскерге бекітуі;

- сабаққа 15 минут бұрын келіп отыруы;

- ауырған жағдайда ескерту;

- бір-бірінің сабақтарына қатысып отыру;

- тәрбие сағаттарын өткізу;

- мектептің тәртібіне бағыну;

- оқушыға, сыныпқа педагогикалық-психологиялық мінездеме беріп, күнделікке жазып отыру;

- ашық сабақ өткізу (1 пәннен);

-мектептегі барлық шараларға қатысып, өткізуге ат салысуы.

Практика 10 апта бойы жүргізілді. Бірінші аптада бақылау жұмыстары, яғни студенттер оқушыларды меңгереді, мұғалімдердің сабақтарына, сыныптан тыс жұмыстарына қатысты. Сабаққа толық педагогикалық-психологиялық немесе ішінара талдау жасап, бақылағандарын арнайы күнделікке жазып, толтырып отырды. Класс құжаттарымен танысып, мәліметтер күнделіктің алғашқы беттеріне жазылды. Студенттердің өткізілетін сабақтарының тақырыптарын анықталып, жоспар құрылды.

Екінші аптадан бастап студенттер мектептің оқу-тәрбие жұмысына араласып, барлық пәндер бойынша сабақ беруге кірісті және сынып жетекшілік міндетін де қоса атқарды. Барлық сабақтар жақсы әдістемелік деңгейде сынып мұғалімінің қатысуымен өткізілді. Практика кезінде әр студент күнделік жүргізіп отыр, оған күнделікті жүргізген оқу-тәрбие жұмысын жазып, талдады. Сыныптағы бір оқушыға психологиялық-педагогикалық мінездеме жазу үшін зертеу материалдарын жинақтады.

Практика кезінде студенттердің оқу-тәрбие жұмыстарында байқалған жақсы жақтары көп болды: өздеріне сенімді болып, еркін ұстауы, жауапкершілікті сезінуі, сабақты түрлендіріп (жаңа технология элементтерін пайдалана алуы) өткізуі, көрнекіліктері эстетикалық талапқа сай болуы, мұғалімдердің ашық сабақтарына өзара сабаққа қатысулары, ата-аналар жиналысын өткізуі, ізденімпаздықтары т.б.. Дипломдық жұмыстар тақырыбы бойынша зерттеу жұмыстары жүргізілді.

Сонымен бірге, кемшіліктер де кездесті. Студенттердің сабақта әлі де сыныпты ұйымдастыру және тәртіпті орнатуда, барлық оқушылардың білімін бақылау, жетекші сұрақтар қоя білу, уақытты тиімді пайдалануда қиналатыны байқалды.

Қорытынды конференция өткізіліп, студенттердің есебі тыңдалды және олардың жұмыстарына әдіскерлер пікірлерін білдіріп, оң баға берді. Тапсырылған құжаттары бойынша пікірлер айтылды.

Студенттердің берген есебіне тоқталсақ, сараман кезінде мектеп мұғалімдері мен әдіскер-оқытушылардың көмегімен талап етілген жұмыстардың барлығын жауапкершілікпен сәтті аяқтап, көп нәрселерді үйреніп, жоғары жетістіктерге жеткендерін айтты. Сабақтарында оқушы тұлғасының үйлесімді қолайлы білім беру ортасын құра отырып сын тұрғысынан ойлау, зерттеу жұмыстарын жүргізу, тәжірибе жасау, АКТ–ны қолдану, коммуникативті қарым-қатынасқа түсу, жеке, жұппен, топта жұмыс жасай білу, функционалды сауаттылықты, шығармашылықты қолдана білуді және оны тиімді жүзеге асыру үшін қажетті тиімді оқыту әдіс-тәсілдерді қолданған.

Студенттер білім алушыларды жеке тапсырмалардың критерийлерімен таныстыру, дескриптор құру, сұрақтарды тиімді қою, ауызша және жазбаша кері байланысты қамтамасыз ету, сыныптасын және өзін-өзі бағалауға үйрету, жалпы оқу үдерісін ұйымдастыру жұмыстарының ерекшеліктерімен іс жүзінде танысқандығын айтты.

Ата-аналар жиналысы, мектеп ішілік шараларға қатысқандарын әсерлі баяндады. Бастауыш сыныптың оқушылары арасында тәрбие сағаттары және тәрбие шараларын ұйымдастыруда жақсы жетістіктерге ие болғандарын баяндады.

Әдіскерлер мектептің бастауыш сынып мұғалімдері студенттердің өткізген сабақтарына, өздерін ұстауы, сөйлеу мәдениетіне, балалармен жұмыс жасау қабілеттеріне, жалпы даярлықтарына көңілдері толғандығын айтып, алғыстарын білдіргенін жеткізді.

«Мектепке дейінгі оқыту және тәрбилеу» мамандығының 1курс ДОИВ-11,12 топтарының студенттері 18.01.2018 – 23.01.2018 ж. уақыт аралығында «Оқу таныстыру» оқу практикасын №9 «Еркемай» №17 «Родничок» балабақшасынан өтті . Практиканың мақсаты: мектепке дейінгі ұйымдағы педагогтың кәсіби іс-әрекетімен таныстыру.

Практика 1 жұма өткізілді. Студенттер практика кезінде мектепке дейінгі ұйымдардың қызметімен, құрылымдық бөлімшелерімен, меңгеруші, әдіскер, тәрбиешінің жұмыс мазмұнымен танысты. Әр түрлі жастағы топтарындағы күн тәртібін талдады, балалардың өзіндік жұмыс кезінде, сабақта, серуенде тәрбиешінің педагогикалық қызметін бақылады.

«Мектепке дейінгі оқыту және тәрбилеу» ДОВ-21 тобының студенттері 14.12.2017 – 19.12.2017 ж. уақыт аралығында «Сәби шақ топтарындағы» оқу практикасын №9 «Еркемай», №6 «Шолпан» балабақшаларынан өтті . Практиканын мақсаты: сәби шақтағы балалармен жумыстың негізгі әдістемелік тәсілдерін үйренуді камтамасыз ету. Студенттер сәби шақ топтарындағы педагогикалық үрдісті ұйымдастыруымен және мазмұнымен танысты, сәби шақтағы балаларды дамыту және тәрбиелеу ерекшелігін анықтады, ойындық қызметті ұйымдастырды.

«Мектепке дейінгі оқыту және тәрбиелеу» мамандығының 3 курс (ДОВ-31, ДОВ-33, ДОВ -32 тобы) студенттері 22.01.2018-17.02.2018 ж. уақыт аралығында практикаданөтуге №9 «Еркемай», №6 «Шолпан», №17 «Родничок» балабақшаларына жіберілді. Бұл практиканың мақсаты мектеп жасына дейінгі балалармен жумыстың негізгі әдістемелік тәсілдерін үйренуді камтамасыз ету болып табылады. Практиканың ерекшелігі студент алған білімі негізінде өз қабілетін, мүмкіндігін көрсету үшін өз бетімен жұмыс жасайды. Әдіскер ретінде «Мектепке дейінгі және бастауышта білім беру» кафедрасының оқытушылары Г.Е.Тлепбергенова, С.Н.Ерниязова, Ф.Е.Есқақова, Д.Г.Хабиева бекітілді.

Бұл практикадан өтуге мектеп студенттерді қабылдауға даяр болды. Бір апта бұрын бөлінген топтары бойынша балаларды тәрбиелеу мен оқытуды жоспарлау циклограммаларымен танысып, әдістемелік папка жасақталды.

Даярлық кезеңде студенттер және әдіскерлердің қатысуымен ұйымдастыру конференциясы оздырылды. Оның барысында студенттер бөлініп, оларға әдіскерлер бекітілді. Сондай-ақ, машықкерлер практиканың мақсат-міндеттерімен, іс-әрекет мазмұнымен, практика соңында тапсырылатын құжаттар мен оларға қойылатын талаптармен танысты.

Практика 5 апта бойы жүргізілді. Бірінші аптада бақылау жұмыстары, яғни студенттер оқушыларды меңгереді, мұғалімдердің сабақтарына, сыныптан тыс жұмыстарына қатысты. Сабаққа толық педагогикалық-психологиялық немесе ішінара талдау жасап, бақылағандарын арнайы күнделікке жазып, толтырып отырды.

Екінші аптадан бастап студенттер мектептің оқу-тәрбие жұмысына араласып, пәндер бойынша сабақ беруге кірісті және тәрбиешілік міндетін атқарды.

Студенттер балабақша топтарындағы педагогикалық үрдісті ұйымдастыруымен және мазмұнымен танысты, сәби шақтағы балаларды дамыту және тәрбиелеу ерекшелігін анықтады, ойындық қызметті ұйымдастырды және өздеріне сенімді болып, еркін ұстауы, жауапкершілікті сезінуі, ізденімпаздықтары т.б. байқалды.

Студенттер қорытынды конференцияға есеп бойынша слайдтар дайындады. Студенттердің құжаттары жақсы безендірілген, әдіскерлер тексеріп, бағаларын қойды.