Университетімізде ЖОО-на дейінги дайындау орталығының ұйымдастыруы бойынша аудан мектептерінің түлектеріне ашык есік күні өткізілді. Университет бойынша жалпы ашық есік күнінен кейін талапкерлерді әр факультет бойынша таңдаған мамандықтарына сай кафедрада ашық есік күнін жалғастырдық. Педагогикалық факультетінің ішкі кафедраларымен таныстырып, кафедра оқытушылары талапкерлерге таңдаған мамандықтары жөнінде ақыл-кеңес беріп және сұрақтарға жауап беріп, толық ақпараттар берді. Талапкерлердің пікірлері тыңдалды, сонымен қатар мамандықтар туралы бейнероликтер көрсетілді. Келген талапкерлердің оқыту хаттамасында тізімдері алынып, байланыс телефон нөмірлері тіркелді. Талапкерлермен алдағы уақытта кәсіби бағдар жұмысын жүргізу жұмысы одан әрі жалғасын табады деген үміттеміз .Жалпы педагогика факультетінің ашық есік күніне әр тандаған мамандықтары бойынша 7 мектеп түлегі қатысты. Соның ішінде келген талапкерлердің біреуі Белаусова Настя “Бастауышта оқыту педагогикасы мен әдістемесі” мамандығын таңдап отыр.