Мектепке дейінгі және бастауышта білім беру кафедрасының 2018– 2019 оқу жылдарына арналған кәсіптік бағдарлама беру жұмысының жоспары 12.09.2018ж. бекітілді. Бекітілген жоспарға сәйкес, 2018 ж. қыркүйек айында келісім – шарт жасалған:

  1. Ақжайық ауданы: Бударин ЖОББМ (Бударин ауылы)
  2. Ақжайық ауданы: Абай ат. (Чапаев ауылы)
  3. Ақжайық ауданы: Мерген ЖОББМ (Мерген ауылы)
  4. Ақжайық ауданы: №1 ЖОББМ (Чапаев ауылы)
  5. Зеленов ауданы: Белес ЖОББМ (Белес ауылы)
  6. Қаратөбе ауданы: Мұхит ЖОББМ (Мұхит ауылы)
  7. Қаратөбе ауданы: Жусандай ЖОББМ (Жусандай ауылы)
  8. Қаратөбе ауданы: Соналы ЖОББМ (Соналы ауылы)
  9. Қалалық № 43,40,27,3,6, ЖОББМ –і;
  10. Ж.Досмуханбетов атындағы колледжі.

Мектепке дейінгі және бастауышта білім беру кафедрасының кәсіптік бағдар беру жұмыстарына жауапты ретінде оқытушы магистр С.Н.Есенова бекітілді.

Кафедра оқытушылары М.Өтемісов атындағы БҚМУ – нің ЖОО-на дейінгі дайындау орталығының жоспары бойынша жүргізілген кәсіби бағдар және кеңес беру жұмыстарына қатысты.

28.12.2018 жылы №43 ЖОББМ-ке бекітілген оқытушы магистр С.Н Есенова кәсіби бағдар беру жұмысын 11-сынып түлектерімен жүргізді, түлектер саны-21. Таңдау пәні төменде көрсетілді:

2 оқушы-Қазақ тілі-Тарих

3 оқушы-Тарих

8 оқушы-Ағылшын тілі-География

3 оқушы-Физика-Математика

5 оқушы-Биология-химия

№40 ЖОББМ 11а-сынып оқушыларына кәсіби бағдар жұмысымен оқытушы магистр А.Т Даулетова жүргізді,28.12.18 жылы № 40 ЖОББ мектепте Кәсіби бағдар бойынша 11 сынып оқушыларына БҚМУ туралы жалпы мәлімет беріп, мамандықтардың ерекшеліктерімен таныстырды, түлектердің сұрақтарына жауап берді. Оқыту хаттамасына олардың мәліметтерін толтырды. Осы сыныптан 21 түлек бар.Соның ішінде:

3 оқушы

Джумашева Асем,

Шагиева Алсу «Психология» мамандығына

Орас Ақназар Геобат мамандығына БҚМУ-ға түсуге ойлары бар.

Сондай-ақ №6 ЖОББМ 11а және 11б-сынып түлектеріне оқытушы магистр О.А Панищева оқыту хаттамасын жүргізді.Түлектер саны жалпы -35 Түлектердің пікірінше әзірге нақты жауап көрсетпеген БҚМУ-ды таңдау олардың ойларында бар екенін айтты.

№30 ЖОББМ 11а сынып түлектер саны – 20.Оқыту хаттамасын жүргізген оқытушы магистр В.Т Арыстангалиева.

Бітіруші түлектермен кездесе отырып, БҚМУ туралы мағлұматтар берілді.Атап айтсақ,университетіміздің Қазақстан жастарын бәсекеге қабілеттілігін арттыру, аймақтар бойынша сұранысқа ие,талап етілетін мамандықтарға кәсіби мамандарды даярлап оқытатындығы туралы атап өтті. Мектеп бітіруші түлектердің көптеген сұрақтарына тұжырымды жауаптар берілді. Оқуға қабылдау ережелерін түсіндіріп өтті. Сонымен қатар арнайы емтихан педагогикалық мамандықтарды таңдайтын талапкерлер үшін сұхбаттасу формасында өтетіндігі айтылды.

Алдағы уақытта оқу жылының екінші жартысына жүргізілетін кәсіптік бағдар беру жұмыстарын атқару жоспарланды соның ішінде №3, 27-шы мектептерге және Ж.Досмұхамедов атындағы колледжіне кәсіби бағдар бойынша бару наурыз айының соңына дейін баруға уақыт берілді. Жауапты оқытушыларға ескертілді.

Кафедра оқытушылырының кәсіби бағдар беру және мамандық таңдаудағы кеңес беру жұмыстарының бағыты әрі мақсаты мынадай мәселелереге негізделді:

- Ата-аналар мен оқушыларға БҚМУ тарихы мен жетістіктері туралы толықтай мәлімет алуын қамтамасыз ету;

- Мамандық тандау жөнінде мектеп түлектерінің өзіндік ой - пікірлерін қалыптастыруға ықпал ету;

- Мектеп түлектеріне университеттегі мамандықтар туралы толық мағлұматтармен қамтамасыз ету.Бұл ретте бейне роликтерді және жарнамалық ақпарат мәліметтерін тиімді қолдану;

- Мектеп оқушыларының тізімдерін алу, байланыс телефондарын орнату т.б. іс–шараларды жүзеге асыру;

Кафедра оқытушылары жыл бойы бекітілген ауыл мектептеріне келесі тұрғыда жұмыстар жүргізу оқу жылының екінші жартысының кестесі бойынша жоспарланып отыр.