М.Өтемісов атындағы БҚМУ «Мектепке дейінгі және бастауышта білім беру» кафедрасының доценті, п.ғ.к., И.У.Хасанованың жетекшілігімен БОПӘ мамандығының студенттері А.Аязова, Н.Насипкалиева, Ж.Әмірова, Р.Гайсина Шымкент қаласындағы «SILKWAY» Халықаралық университетінде 2019жылдың 11-12 сәуір аралығында өткізілген 5В010200 – «Бастауышта оқытудың педагогикасы мен әдістемесі» мамандығының ХІ Республикалық пәндік олимпиадасына қатысып, «Практикалық шеберлік байқауы» кезеңінің «Жаңартылған білім – болашақтың кепілі» тақырыбында сабақ жүргізу сайысы бойынша ІІ орынды иеленді.