«Мектепке дейінгі және бастауыш білім беру» кафедрасының доценті, п.ғ.к. Хасанова Инкар Утебаевна 04.03.2019 – 16.03.2019 аралығында Қ.Жұбанов атындағы Ақтөбе өңірлік мемлекеттік университетінде ПОҚ академиялық ұтқырлық шеңберінде дәріс оқу, сабақ беру, мастер-класс өткізу, тәжірибе алмасу мақсатында іссапарда болып қайтты. 5В010200 – «Бастауышта оқыту педагогикасы және әдістемесі» мамандығының 2-курс студенттеріне «Жаңартылған білім берудің теориясы мен технологиясы» және 5В010200 – «Бастауышта оқыту педагогикасы және әдістемесі» мамандығының 4-курс студенттеріне «1-сынып оқушыларының педагогика-психологиялық қалыптасу негіздері», «1-сынып оқушыларының тәрбиесін қалыптастыру негіздері» курстары бойынша дәріс, семинар сабақтарын өткізді. 4-курс студенттерімен кездесіп, Бастауыш мектепте жаңартылған білім мазмұнының құрылымы, ерекшелігі, әдіс-тәсілдеріне талдау жасады. Кафедраның ПОҚ-мен кездесіп, «Бастауыш білім берудің инновациялық технологиялары» тақырыбында мастер-класс жүргізді. Іссапар барысында екі университет арасында өнімді ғылыми байланыстарды орнату бойынша қосымша келісімдер жасалу ұйғарылды.