Махамбет Өтемісов атындағы Батыс Қазақстан мемлекеттік университетінде 11.02.-15.02.2019 ж. педагогика факультетінің дене тәрбиесі кафедрасының профессор-оқытушылар құрамы мен қызметкерлері арасында тәжірибе алмасу, достық пен өзара түсіністікті нығайтуға арналған 9 түрлі ойындар бойынша Жастар жылына арналған студенттік спартакиада  және әдістемелік апта  өтті.

Спартакиадаға қатысушы 6 команда волейбол,шағын футбол, шахмат, дойбы, тоғызқұмалақ, устелді теннис,   эстафета, арқан тарту спорттық ойындар түрлерінен жарыс бойынша сынға түсті.

Шараның салтанатты ашылуында дене тәрбиесі кафедрасының меңгерушісі Демченко Людмила Валерьевна денсаулықты нығайту мен салауатты өмір салтын насихаттауда спорттық шаралардың маңызы зор, осындай дәстүрге айналған спорттық жарыстардың жыл сайын жалғасын тауып, оған университетіміздің студенттері  қатысуы ерекше орын алғанын атап өтіп, дәстүрлі түрде спартакиаданы ашып, қатысушыларға сәттілік тіледі.

Жалпы командалық есеп бойынша:

I-орын «тарих, экономика  және құқық» факультеті.

II-орын «жаратылыстану-география» факультеті

III-орын «педагогика» факультеті.