2019 жылдың 7 ақпан күні М.Өтемісов атындағы БҚМУ педагогика және психология кафедрасы ұйымдастыруымен «Білім беру инклюзиясы және мүмкіндігі шектеулі тұлғалардың әлеуметтік-психологиялық интеграциясының өзекті мәселелері» тақырыбында онлайн-семинар өтті. Оған Орынбор мемлекеттік педагогикалық университеті (РФ, Орынбор қ.) және «Аутизм Магдебург» коммерциялық емес ұйымы (Германия, Саксен Ангалт) қатысты.

Семинар онлайн технологиялар көмегімен жүргізілді. Семинар мақсаты инклюзивті білім берудің сұрақтарын және білім беру инклюзиясы аясында мүмкіндігі шектеулі тұлғаларға психологиялық-педагогикалық сүйемелдеуді ұйымдастыру перспективалары мен мәселелерін талқылау болды.

Семинар тыңдаушылары қатарына облыстық есту және сөйлеу қабілеті бұзылған балаларға арналған мектеп интернат кешенінің, облыстық көру қабілеті бұзылған балаларға арналған мектеп интернатының, Зерде бұзылыстары бар балаларға арналған облыостық арнайы мектеп-интернатының дефектологтары мен педагог-психолгтары, ОПДПК, ҚПДПК, АПДПК, ППТК мамандары және педагогикалық факультет студенттері қатысты.

Семинар Қазақстан Республикасының, Ресей Федерациясының және Германияның педагогтарының, психологтарының және дефектологтарының тәжірибе алмасуына және білім беру инклюзиясы мәселелерін шешуде бірігуіне мүмкіндік берді.