Күндізгі оқу бөлімінің 5В010300 – Педагогика және психология және 5В012300 – Әлеуметтік педагог және өзін-өзі тану мамандықтарының 4 курс  студенттері ( 06403, 06404, 06405, 06406, 06407, 06408- топтары, қ/б және о/б) жеделдетілген 3 курс студенттері (ПиП/у-35, СПМ/у-33) 29.01.2018 – 07.04.2018 ж.ж. уақыт аралығында педагогикалық  сараманнан өтуге төмендегі оқу орындарына жіберілді: № 30,2,33,45,40,46,38,9,26,5 ЖОББМ,Зерде бұзылысы бар балаларға арналған облыстық мектеп-интернатқа, әскери бөлімгежәне жеке сұраныстары бойынша Атырау обл. Индер ауданы Ш.Уәлиханов ат. ОМ, БҚО., Ақжайық ауд., №1 ОЖББМ, Атырау индустриалды колледжі, Қызылорда обл., Қазалы ауд., Әйтеке би кенті «Мирас» балабақшасы, БҚО., Бөрлі ауд., Ақсай қ., №6 ЖОББМ, Маңғыстау обл., Түпқараған  ауд., Ақшұңқыр ауылы «Бүлдіршін» балабақшасы, Атырау обл. Индер ауд., №3 Психологиялық-педагогикалық түзету кабинеті,Атырау обл., Индер ауд., Ш.Уәлиханов ат ОМ,Ақтөбе обл., Қобда ауд, Қобда ОМ,Атырау обл., Индер ауд., М.Әуезов ат.ОМ,Орал қ., ЖК «Табишев А.М.» «Гаухар» шағын орталық,Ақтөбе обл., Қарғалы ауд., №51 «Жарқын бала» балабақшасы,БҚО., Бөкей ордасы ауд., М-С.Бабажанов ат. ЖОББМ, БҚО, Сырым ауд., ЖББ М.Каналиев ат. Алғабас ОМ-балабақша кешені,БҚО.,Бөрлі ауданы «Березов мектеп-балабақша кешені»,Маңғыстау обл., Жаңаөзен қ., Рахат ауылы №15 ОМ,Атырау обл., Жылыой ауд., Құлсары қ., №21 ЖОББМ,БҚО., Шыңғырлау ауд., Тасмола ОЖББМ,Маңғыстау обл., Бейнеу ауд Атамекен ОМ,Ақтөбе обл., Мұғалжар ауданындағы  психологиялық-педагогикалық түзету кабинеті, БҚО, Шөптікөл ауылы, Шөптікөл ЖОББМ-балабақшасы,БҚО., Бөрлі ауд., Березов мектеп-балабақша кешеніпрактикаға жіберілді.

            Әдіскерлер:Исмагулова Ж.С., Абдраймова Э.К., Калаханова С.Б., Хусайнова Ж.К., Меңдигереева Э.С., Кубашева Г.К.

Бұл практика өткен орта арнаулы оқу орындары мен мектептер студенттер қабылдауға даяр болды. Олар студенттерді жақсы қабылдады. Студенттер практика қойған мақсаттарға сәйкес мектепте мектеп психологы, әлеуметтік педагог және өзін-өзі тану пәнінің мұғалімі және сынып жетекшісі қызметін атқарды.

Даярлық кезеңде машықкерлер мен әдіскерлердің қатысуымен нұсқау конференциясы оздырылды. Оның барысында студенттер сәйкес оқу орындарына бөлінді, әдіскерлер бекітілді. Сондай-ақ, машықкерлер практиканың мақсат-міндеттерімен, іс-әрекет мазмұнымен, практика соңында тапсырылатын құжаттар мен оларға қойылатын талаптармен танысты.

Бірінші аптада студенттер өздеріне бөлінген оқу орындарының жұмыс тәртібімен, бағытымен, оның мақсат-міндеттерімен танысты. Оқу орындарындағы білікті мамандардың сабақтарына қатысып, болашақ өздері жұмыс жасайтын топтардың ерекшелігін көріп, жұмыс мазмұнымен, қарым-қатынас технологиясымен танысып, бақылап, өздеріне қорытынды жасады. Әр оқу орнының жұмыс тәртібімен, бағытымен, олардың мақсат-міндеттерімен танысты.

Студенттержалпы теориялық білімін, психологиялық-педагогикалық және әдістемелік даярлығын практика барысында көрсете білді. Түрлі диагностикалық және коррекциялық жұмыстарды жүргізу барысында ізденімпаздық танытты, әр практикант тренингтік жұмыстарды жүрізді. Мектепте өткен студенттер  тәрбие шараларын өткізді және «Өзін-өзі тану» пәнінен сабақ берді. Барлық шаралар мен сабақтар білім алушылардың негізгі құзіреттіліктерін дамытуға бағытталды. Оқытудың жаңа технологияларын қолдануға тырысты. Оның ішінде интерактивті тақтамен сабақ өткізу, шағын топтармен жұмыс, презентация, жоба әдістері ең кең қолданылғандардың қатарында. Студенттер өздерінің білім, іскерлік, дағдыларын қабілеттерімен ұштастырып, практика кезінде жұмыс берушілердің көздеріне түсе білді. Ашық психологиялық кештер, тәрбие жұмыстары өз деңгейінде ұйымдастырылды.Барлық студенттер сараман міндеттеріне сәйкес диагностикалық жұмыстар жүргізді. Мәселен, жеке тұлғалық ерекшеліктерді зерттеуге арналған, ұжымды, кәсіби бейімділікті, қызығушылықты т.б. зерттеуге арналған жұмыстар жүргізілді. Бақылау, әңгіме, тест, анкета әдістері қолданылды. Студенттер өздері жетекшілік еткен оқушылардың эмоциялық жағдайы, қарым-қатынасы, қызығушылықтары мен құндылықтарын зерттеуге арналған жұмыстарды жүргізіп, қорытынды жасады. Диагностикалық жұмыстың қорытындыары негізінде тұлғалық өсу, келіспеушіліктің алдын алу, өзіне сенімділікті қалыптастыру бағытында психологиялық тренингтерді ізденіспен өткізді. Олар сондай ақ жеке мәселелер бойынша кеңес жұмыстарын да атқарды. Әлеуметтік педагогтармен бірлесе отырып «Суицидттің алдын алу», «Алғыс айту апталығы», «Ата-анамен жұмыс» атты ауқымды акциялар, апталықтар, диагностикалық жұмыстар оздырылды.

 

Студенттердің өз мамандықтарына деген қарым-қатынасы олар өткізген әр шарада өз көрінісін тауып отырды.Өндірістік практика барысында студенттердің белсенділігі, олардың жұмысқа ынталылығы мен мамандыққа деген құштарлығының нәтижесінде студенттер әртүрлі мәтіндегі алғыс хаттармен марапатталды.

Студенттердің сараман папкасындағы құжаттары талапқа сай, әдіскерлер барлық құжаттармен танысып, өздерінің бағаларын қойды.