Қазіргі заманның мұғалімі ауыспалы әлеуметтік жағдайларда тез бағдарлануы, кәсіби іс-әрекеттің жеке-шығармашылық стилін құруға, білім алушылармен интербелсенді өзара әрекеттесуге және ынтымақтастыққа бағытталған педагогикалық үдерісті жүйелі болжау үшін жаңаша ойлау қабілетін меңгеруі қажет.

  Жаңартылған білім мазмұны аясында болашақ мұғалімдерді  сапалы кәсіби қызметке дайындау үшін жоғарғы оқу орны оқытушыларына арналған «Балалар әлемі» атты жалпы білім беретін мектептерде біліктілікті арттыру курсы енгізілуде. Бұл курстың алғашқы қазан айындағы қатысушыларының ұсынысы бойынша курс алдында жаңартылған білім беру ерекшелігі туралы университетішілік семинар оздырылуы сұралды. Осы ұсынысқа сәйкес қазанның 17 «Педагогика және психология» кафедрасының аға оқытушылары Э.К.Абдираимова мен Ж.С.Исмагулова қараша және желтоқсан айында мектептерде біліктілігін арттыратын оқытушыларға арнап «Жаңартылған білім берудің ерекшелігі» тақырыбында семинар оздырды. Семинарда жаңартылған білім беруге қатысты мұғалім қызметіндегі өзгерістер, жоспарлау мен бағалау мәселелері, оқу мақсаттары мен оқыту критерилері туралы танымдық семинар берілді.

Семинарға қатысқан оқытушылар өз кері байланыстарында жаңартылған білім беру ерекшеліктері туралы ақпараттарының кеңігенін, тантымдық және практикалық мәнділігін атап көрсетті. Сондай ақ олар smk.edu.kz.сайтына тіркеліп, қажетті әдістемелік материалдарды жүктеп алатын мүмкіндікке ие болды.