Кафедра ПОҚ жыл сайын М.Өтемісов ат. БҚМУ-да Халықаралық, Республикалық, облыстық конференциялар мен семинарлар ұйымдастыру мен өткізуде белсенді ат салысады.

М. Өтемісов атындағы Батыс Қазақстан мемлекеттік университетінде 2017 жылдың 19-20 қазаны аралығында М. Өтемісов атындағы Батыс Қазақстан мемлекеттік университетінің 85-жылдығына арналған «Ғылым және білім жаһандық әлемде» тақырыбында Халықаралық ғылыми-практикалық конференция өтті. Педагогика және психология кафедрасы «Заманауи білім беру жүйесін модернизациялау: зерттеулер мен жетістіктер» атты секциясының жұмысын ұйымдастырып өткізді. Модератор – педагогика және психология кафедрасының доценті, п.ғ.к. Иргалиев А.С. Секция жұмысына кафедра ПОҚ және шетелдік қонақтар қатысты.

2017 жылдың 5 желтоқсанда М. Өтемісов атындағы Батыс Қазақстан мемлекеттік университетінің РФ Орынбор мемлекеттік педагогикалық университетімен бірлескен ЖОО оқытушыларына, облыстық және қалалық ПМПК мамандарына, ЖОББМ мұғалімдеріне, студенттерге арналған «Мүмкіндігі шектеулі жандарға инклюзивті білім беру бағдарламасы жағдайында психологиялық-педагогикалық сүйемелдеу» атты халықаралық тәжірибелік онлайн семинар өтті. Ұйымдастырушылар: Педагогика факультеті Педагогика және психология кафедрасының аға оқытушысы, магистр Н.У.Кулдашева және оқытушы С.А.Шүйіншалиева. Семинар мақсаты:ЖОО-да және ЖОББМ инклюзивті білім беру жүйесінде психологиялық-педагогикалық сүйемелдеу мен интегративті үздіксіз білім беруді ұйымдастыру жолдарын талдау. Семинар Қазақстан Республикасы мен Ресей Федерациясының педагогтары мен дефектологтарын тәжірибе алмасуына мүмкіндік берді.

Педагогика және психология кафедрасы ПОҚ ұйымдастыруымен 2018 жылдың 27 сәуірінде М.Өтемісов ат. БҚМУда «Рухани жаңғыру» тұжырымдамасы аясында «Қазіргі жастардың келбеті: перспективасы мен инновациялық тұрғысы» атты республикалық ғылыми-тәжірибелік конференциясы оздырылды. Конференция жұмысына еліміздің Алматы, Атырау, Павлодар, Семей, Ақтау, Ақтөбе қалаларынан оқытушылар мен магистранттар қатысты. Конференцияға қатысуға 70-тен астам баяндамалар тіркелді.

Мәжілістік баяндамалар:

1. Бақтыгереева Ақұштап Бақтыгерейқызы, ақын, Халықаралық «Алаш» әдеби сыйлығының, «Құрмет» орденінің иегері, ҚР еңбек сіңірген қайраткері, Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті мемлекеттік стипендиясының иегері, ҚР Жазушылар одағының БҚО төрайымы, БҚО құрметті азаматы, М.Өтемісов атындағы БҚМУ құрметті профессоры - «Духовное возрождение: особенности национального воспитания на современном этапе».

2. Бахишева Светлана Мендыгалиевна - Ж. Досмұхамедов атындағы педагогикалық колледж директоры, педагогика ғылымдарының докторы- «Прагматический подход в современном образовании».

3. Дарішева Түймеш Малбағарқызы - М. Өтемісов атындағы БҚМУ тәрбие жұмысы және әлеуметтік мәселелер жөніндегі проректор, педагогика ғылымдарының кандидаты - «Формирование казахстанского патриотизма как компонент воспитательной работы вуза»

4. Тулепов Азамат Нугманович - Дін істері басқармасы басшысының м.а.- «Возникновение религиозного экстремизма в Казахстане»

5. Дауешова Сындар Мұратқызы - Орал қаласы, қалалық білім беру бөлімінің әдіскері - «Отбасы – рухани жаңғыру негізі».

Қатысушылардың баяндамалары келесі секциялар жұмысында тыңдалды:

1. Отбасындағы рухани-адамгершілік құндылықтарды қалыптастырудың өзекті мәселелері.

2. Қазіргі жастарға деструктивті діни ағымдардың әсер етуінің алдын алу шаралары.

3. Рухани жаңғыру аясында қазіргі жастардың этникалық өзіндік санасын қалыптастыру мәселелері.

4. Ерте ана болу мәселесі мен жауапты ата-ана келбеті.

2018 жылдың қараша-желтоқсан айларында «Педагогика және психология» кафедрасына академиялық ұтқырлық бойынша дәріс оқуға келген Польша мемлекетінің жоғары мектебі және білім министрлігі Ұлы Казимир университетінің дефектологы әлеуметтік ғылым докторы, профессор Дорота Подгорскимен ұйымдастырылған «ЖОО кеңістігінде инклюзивті білім беруді ұйымдастыру» тақырыбындағы халықаралық семинар-тренинг және «Interfction and communication in the Educational Process within the Conditions of inclusion» тақырыбында семинар тренинг өтті.