2017-2018 оқу жылында Педагогика және психология кафедрасы бойынша күндізгі оқу бөлімінің 2 мамандығы бойынша 104 студент аяқтады. Оның ішінде 5В010300-Педагогика және психология мамандығы бойынша 80 студент (11студент о/б, 69студент қ/б) ,5В012300-Әлеуметтік педагогика және өзін-өзі тану мамандығы бойынша 24 студент (10 студент о/б, 14 студент қ/б).

Педагогика және психология кафедрасы бойынша 2017-2018 оқу жылында университет бітірген түлектердің 71 % (74 студент) өз мамандықтары бойынша мектепке дейінгі ұйымдарда, емханаларда психолог, әлеуметтік педагог, дефектолог, логопед және өзін-өзі тану пәнінің мұғалімі болып жұмысқа орналасты, соның ішінде А. Азербаева БҚО әкімдігі білім басқармасының «Өмірлік қиын жағдайдағы  балаларды қолдау орталығы»  коммуналдық мемлекеттік мекемесінде психолог,С. Каирова  Атырау облысы Каспий өңірінің қазіргі заманғы жоғары колледжде оқытушы, Ш.Күйкенбаева Ақтау қаласында «№3 арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсету орталығында» психолог, А.Сейтімбетова  Ақтау қаласындағы  «Радуга» балаларды дамыту орталығында логопед-дефектолог  қызметтерін атқаруда.

6 % студенттер магистратурада өз білімдерін жалғастыруда, олардың ішінде Р.Б. Гайнуллина, Д.Н Орынгалиева, Е.К. Сарсенгалиева -М. Өтемісов атындағы БҚМУ магистранттары.

Кафедра әр жыл сайын бітіретін түлектері жалпы білім беретін мектептерде, жалпы білім саласында нәтижелі жұмыс жасауда және кафедрамен ынтымақтастық мақсатында кәсіби бағдар беру жұмыстарына өз үлестерін қосып отырады.

 

Сурет  1 – «Педагогика және психология»  және  «әлеуметтік педагогика және өзін-өзі тану» мамандықтарын бітірген түлектер туралы мәлімет диаграммасы