2018 жылдың 28-29 наурыз аралығында Алматы қаласында Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті базасында өткен жоғары оқу орындары студенттері арасындағы Х Республикалық пәндік олимпиадаға М.Өтемісов атындағы Батыс Қазақстан мемлекеттік университеті Педагогика және психология кафедрасынан қатысқан «West Pragmatists» (5В010300 “Педагогика және психология” мамандығы) және «Жайық жұлдыздары» (5В012300 «Әлеуметтік педагогика және өзін-өзі тану» мамандығы) командалары ІІІ-орын иеленді.

Әр команда олимпиада бағдарламасында қарастырлған үш кезеңнің тапсырмаларына, талап етілген критерийлерге сәйкес, педагогика және психология кафедрасының аға оқытушылары Э.К.Абдираимова, Ж.С.Исмагулова, С.Б.Калаханова және оқытушы Ж.К.Хусаинова ғылыми  жетекшілігімен даярланды.  

Олимпиаданың 3-кезеңіне сай студенттер болашақ кәсіби қызметінің ерекшеліктерін жан-жақты ашатын «Мен педагог-психологпын!» және «Әлеуметтік педагогтың бір күнінен көрініс» тақырыптарында бейнебаяндар даярлады.

Олимпиада барысында студенттер педагогикалық-психологиялық және әлеуметтік-педагогикалық пәндер бойынша  өте жақсы теориялық даярлығын және кәсіби құзыреттіліктерін көрсете білді.

Қатысқан қос команда да ІІІ-орын иеленді! Әр команда мүшелері және команданың жетекшілері алғыс хатпен және сертификаттармен марапатталды.