5 желтоқсан 2017 жылы М. Өтемісов атындағы Батыс Қазақстан мемлекеттік университетінің РФ Орынбор мемлекеттік педагогикалық университетімен бірлескен ЖОО оқытушыларына, облыстық және қалалық ПМПК мамандарына, ЖОББМ мұғалімдеріне, студенттерге арналған «Мүмкіндігі шектеулі жандарға инклюзивті білім беру бағдарламасы жағдайында психологиялық-педагогикалық сүйемелдеу» атты халықаралық тәжірибелік онлайн семинар өтті. Ұйымдастырушылар: Педагогика факультеті педагогика және психология кафедрасының аға оқытушысы, магистр Н.У.Кулдашева және оқытушы С.А.Шуиншалиева. Семинар мақсаты:ЖОО-да және ЖОББМ инклюзивті білім беру жүйесінде психологиялық-педагогикалық сүйемелдеу мен интегративті үздіксіз білім беруді ұйымдастыру жолдарын талдау. Семинар Қазақстан Республикасы мен Ресей Федерациясының педагогтары мен дефектологтарының тәжірибе алмасуына мүмкіндік берді.