2017 жылдың 23-24 қараша аралығында М.Өтемісов ат. БҚМУ педагогика және психология кафедрасының меңгерушісі, п.ғ.к., доцент Иргалиев А.С. Астана қаласында Л.Н.Гумилев ат. Еуразия ұлттық университеті базасында өткен «Психотерапияның, тәжірибелік және кеңес беру психологиясының Қазақстанда және Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығы елдері мен алыс шетелдерде даму жағдайы мен тенденциялары» атты психологтар мен кәсіпке көмектесуші мамандардың Бірінші Еуразиялық Конгресіне қатысты.

Пленарлық мәжіліс жұмысына және әртүрлі білім беру мекемелеріндегі психологиялық қызмет, психологиялық түзету мен кеңес берудің өзекті бағыттары талқыланған «Білім беру үдерісіндегі психология: тәжірибе мен даму тенденциялары» атты секция жұмысына қатысты. Конгресс жұмысы қорытындысы бойынша Иргалиев А.С. қатысушы сертификатын алды.

Л.Н.Гумилев ат. Еуразия ұлттық университетінің әлеуметтік педагогика және өзін-өзі тану кафедрасының меңгерушісі п.ғ.д., профессор, ҚР ғылымдар Академиясының корреспондент-мүшесі Шалкинбаева Қадиша Қадырқызымен және PhD докторы, Астана қаласы Педагогикалық шеберлік Орталығының аға менеджері Сагинов Қайрат Мырзабаевичпен кездесті. Кездесу барысында озық педагогикалық тәжірибені жоғары білім беру жүйесіне ендіру, ЖОО-дағы коучинг пен мотиторинг, академиялық ұтқырлықты ұйымдастыру, әлеуметтік педагогика және өзін-өзі тану мамандығы бойынша оқу-әдістемелік әдебиетті шығару мәселелері талқыланды.