03.11.2017 жылы сағат 13-00-де №7 оқу ғимараты акт залында аға-оқытушы Калаханова С.Б., аға-оқытушы Исмагулова Ж.С., магистрант Байырбек С.Б. ұйымдастыруымен, Пп-31(2), Пп-21, Пп-23 топтарының студенттерінің қатысуымен М.Өтемісов атындағы БҚМУ-дың 85 жылдығына арналған «Білімді жастар - ұлы дала елінің тірегі» атты мерекелік іс-шара өтті. Студенттер БҚМУ-дың тарихы баяндалған деректі фильм тамашалады. ниверситет қабығасында тек қана білімді емес сонымен қатар өнерлі де жастардың тарбиеленіп жатқанын өз өнерлерін ортаға салып көрсетті. Университетіміздің 85 жылдығына арналған студенттердің шығармашылғынан арнаулар оқылды.