20.10.2017 жылы педагогика және психология кафедрасының оқытушысы Шуйншалиева Сауле Адилгереевна Батыс Қазақстан облысы әкімдігі білім басқармасының «Облыстық психологиялық-дәрігерлік-педагогикалық кеңес беру» КММ базасы негізінде «Аутистикалық спектр бұзылыстары бар балаларға кешенді ықпал ету және түзете-дамыта оқыту мен тәрбиелеу (аутизм)» атты облыстық тәжірибелік семинар ұйымдастырды.

Семинар мақсаты - аутистикалық спектр бұзылыстары бар балалармен жұмыс жасаудың психологиялық-педагогикалық құзыреттіліктерін қалыптастыру.

Семинарға БҚО білім басқармасы инклюзивті, арнаулы білім беру, қорғаншылық және қамқоршылық бөлімінің бас маманы, облыстық білім беру мекемесі, облыстық, қалалық, аймақтық психологиялық-дәрігерлік-педагогикалық кеңес беру мекемелерінің мамандары, облыстық жалпы білім беретін мектеп психологтары, облыстық зерде бұзылыстары бар балаларға арналған арнаулы мектеп-интернаты психологтары, үкіметтік емес ұйымдарының мамандары қатысты.

Семинар шеңберінде Шуйншалиева С.А. «Жұбыңды тап», арт-терапиялық жаттығу «Ортақ сурет», «Аутизм балаларды зерттеу», «PEKS карточкаларымен жұмыс әдістері» тренингтерін өткізді.