2017 жылдың 5 қазан күні Орал қаласындағы Оқушылар және жастар сарайы базасында балаларға қосымша білім беру тұрғысынан перспективалық қажеттілігі мен үрдістерін дамыту мақсатында «Тәрбие жүйесі және қосымша білім берудің даму болашағы мен жаңа бағыттары» атты халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференциясы өткізілді.

Аталған конференцияның пленарлық мәжілісіне педагогика және психология кафедрасының аға оқытушысы, магистр Ж.С. Исмагулова «Тәрбие және қосымша білім беру жүйесіндегі балалардың психологиялық денсаулық мәселелері» атты баяндамамен қатысты.

КонференцияғаБатыс Қазақстан облысы, Ақтөбе, Атырау, Маңыстау өңірлік білім беру ұйымдарының өкілдері; Ресей Федерациясынан: Москва қаласы, Самара, Саратов облысы білім басқармаларына бағынышты мекемелер өкілдері; сондай-ақ аудандық (қалалық) әдістемелік кабинеттердің және орталықтардың әдіскерлері және педагогтері қатысты.