Кафедра мынадай мамандықтар бойынша мамандар даярлайды:күндізгі және қашықтан оқу түрі бойынша жалпы, орта кәсіби білім, жоғары білім негізінде 5В010800 – «Дене шынықтыру және спорт» және 5В010400 – «Бастапқы әскери дайындық» мамандықтары.

Оқу мерзімі: жалпы орта білім негізінде күндізгі 4 жыл, орта кәсіптік білім негізінде күндізгі 3 жыл,жоғары кәсіби білім негізінде қашықтан оқу түрі 2 жыл.

2018 жылы бакалавриат мамандықтары лицензиясы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2018 жылғы 28 сәуірдегі №544 Қаулысына сәйкес қайта құрылымдар жолымен өзгерістерге қайта рәсімделді: № 12019665, қызмет ету мерзімі – мерзімсіз, берілген күні 11.12.2018 жыл, №1641 ҚР БҒМ ББҚК бұйрығы.

6М010800 - «Дене шынықтыру және спорт» мамандығы бойынша мамандар даярлау 2010 жылдан бері жүзеге асырылады. Магистрларды дайындау ҚР БҒМ ғылым мен білім саласындағы қадағалау комитеті берген 2012 жылғы 11 желтоқсандағы № 1209665 лицензиясына сәйкес жүзеге асырылады. Мамандар даярлау профильді және ғылыми-педагогикалық бағыт бойынша жүзеге асырылады.

Мамандар даярлау ҚР МЖМБС және типтік оқу жоспарына сәйкес 5В010800 Дене шынықтыру және спорт және типтік оқу жоспары 2018 жыл мен 5В010400 – Бастапқы әскери дайындық. жүзеге асырылады. 6М010800- Жоғары оқу орнынан кейінгі дайындық 6М010800-Дене шынықтыру және спорт және типтік оқу жоспары негізінде жүзеге асырылады.