2015 жылдың 12 маусымында Педагогика ғылымдарының докторы, профессор Қ.Б.Сейталиевке арналған «Жоғары оқу орындарында бәсекеге қабілетті мамандарды дайындау: мәселелері, бүгінгі жағдайы,болашағы» атты республикалық ғылыми-тәжірибелік конференцияны кафедра ұйымдастырып, өткізді. Конференцияның басты мақсаты –халықаралық деңгейде білім беру жүйесінің қазіргі жағдайы мен негізгі көкейкесті проблемаларын анықтау, бүгінгі жаһандық бәсекелестік жағдайындағы ұлттық білім беру жүйесінің басымдықтарын, даму болашағын талқылау,озық тәжірибені көпшілікке ұсыну негізінде өзара тәжірибе алмасу. Конференцияның жұмысына Астана, Алматы, Атырау, Ақтау, Ақтөбе, Қарағанды, Шымкент қалаларының ғалымдары, М.Өтемісов атындағы Батыс Қазақстанмемлекеттік университеті мен Орал қаласындағы басқа да оқу орындарының оқытушылары мен магистранттары қатысты.

Конференцияның секциялық жұмысы келесі 4 секцияны қамтыды:

1.Мамандарды дайындаудың психологиялық- педагогикалық аспектілері.

2. Болон үдерісі мәнмәтінінде қазіргі жоғары білім беруді жаңарту.

3. Қазақстанда психологиялық - педагогикалық ғылымдардың дамуындағы п.ғ.д., профессор Қ. Б. Сейталиевтің қосқан үлесі.

4. Білім беру жүйесіндегі мәдениет пен өнердің тарихы және даму тенденциясы.

Конференцияға барлығы 100-ден аса мақалалар қабылданды.

2014 жылы қазан айының 30-31 күндері педагогика және психология кафедрасының тікелей ұйымдастыруымен «Жаһандық бәсекелестік жағдайындағы ұлттық білім беру жүйесі: мәселелері, басымдықтары, даму болашағы» атты халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференцияұйымдастырылып, өткізілді. Конференцияның басты мақсаты –халықаралық деңгейде білім беру жүйесінің қазіргі жағдайы мен негізгі көкейкесті проблемаларын анықтау, бүгінгі жаһандық бәсекелестік жағдайындағы ұлттық білім беру жүйесінің басымдықтарын, даму болашағын талқылау,озық тәжірибені көпшілікке ұсыну негізінде өзара тәжірибе алмасу.

Конференцияның жұмысына шетелдерден Германия, АҚШ, Франция, Ресей, Қазақстанның Астана, Алматы, Атырау, Ақтөбе, Қызылорда, Қарағанды, Шымкент қалаларының ғалымдары, М.Өтемісов атындағы Батыс Қазақстанмемлекеттік университеті мен Орал қаласындағы басқа да оқу орындарының оқытушылары мен магистранттары қатысады. Конференцияға барлығы 100-ден аса мақалалар қабылданды.

Конференцияның секциялық жұмысы келесі 4 секцияны қамтыды:

1. Жаһандық бәсекелестік жағдайында мамандарды дайындаудың психологиялық-педагогикалық аспектілері.

2.Қазіргі ұлттық білім жүйесі бәсекелестік ортасындағы оқытудың интербелсенді әдістері және инновациялық технологиялары.

3.Біліми мекемелерде құзіретті-бағдарлы оқытуды ұйымдастырудың қазіргі жағдайы және болашағы.

4.Жалпы орта білім беру жүйесін жүйелі жаңартудың өзекті мәселелері мен басымды бағыттары.

 

Конференцияның пленарлық мәжілісі

«Жаһандық бәсекелестік жағдайындағы ұлттық білім беру жүйесі: мәселелері, басымдықтары, даму болашағы» атты халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференция

Секциялық отырыс