Магистратура деңгейі

6М050300- Психология мамандығы бойынша білім берудің мақсаты

6М050300- Психология мамандығы бойынша білім берудің негізгі мақсаты болып табылады:

– еңбек нарығында сұранысқа ие жоғары білікті ғылыми-педагогикалық кадрларды дайындау;

- гуманитарлық пәндер саласындағы жүйеленген білімді қалыптастыру және жаңа технологияны қолдану;

- кәсіби қызметін жүзеге асыруға қабілетті, әлеуметтік және азаматтық жауапкершілігі жоғары магистрдің негізгі және арнайы құзіреттіліктерін қалыптастыру;

- магистранттардың психология бағытындағы үдерістер мен құбылыстарды талдауы және бақылаудың ғылыми-зерттеушілік, тәжірибелік әдістерін меңгеруі;

- ғылыми ойлау мен көзқарастар аясында жалпыадамзаттық және әлеуметтік жеке құндылықтарды қалыптастыру;

1. Мамандық және қызмет түрлерінің атауы Аталған білім беру бағдарламасын бітірушіге 6М050300- Психология мамандығы бойынша әлеуметтік ғылымдар магистрі дәрежесі беріледі. Әлеуметтік ғылымдар магистрі Қазақстан республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің 21 мамыр 2012 жылғы № 201-о-м бұйрығымен бекітілген Басшылардың, мамандардың және басқа да қызметшілердің Біліктілік анықтамалығына сәйкес және Қазақстан республикасы Білім және ғылым министрлігінің 13 шілде 2009 жылғы № 338 бұйрығымен, 09 маусым 2011 жылғы №241, 27 желтоқсан 2013жылғы № 512 өзгертулер мен толықтырулар енгізілген бұйрығымен бекітілген педагог-психолог қызметкерлер мен оларға теңестірілген тұлғалардың Үлгілік біліктілік сипаттамаларына сәйкес жұмыс өтіліне талап қойылмайтын психолог лауазымды иеленуі мүмкін.

2. Білім беру бағдарламасы бітірушілерінің біліктілік сипаттамасы

2.1 Кәсіби қызмет аясы 6М050300- Психология мамандығы бойынша әлеуметтік ғылымдар магистрі өзінің білім беру саласындағы кәсіби қызметін Біліктілік деңгейі: ҰБШ – 7 бойынша жүзеге асырады.

2.2Кәсіби қызмет нысандары - 6М050300- Психология мамандығы бойынша әлеуметтік ғылымдар магистрінің кәсіби қызмет нысандары болып табылады:

- орта білім беру мекемелерінің, жекелік немесе ведомстволық формасына қарамастан, барлық типтері мен түрлері;

- техникалық және кәсіби білім беру мекемелері.

- жоғары оқу орындары;

- қалалық және республикалық әлеуметтік қызмет көрсету,жұмыспен қамту орталықтары;

- психотерапия және психологиялық коррекция орталықтары;

- білім беру және денсаулық сақтау саласының уәкілетті және жергілікті атқару ұйымдары.

- құқық қорғау органдары және пенитенциарлық мекемелер;

6М050300- Психология мамандығы бойынша әлеуметтік ғылымдар магистрінің кәсіби қызмет пәндері болып табылады:

- білім алушыларды психолого-педагогикалық инновациялық әдіс-тәсілдермен оқыту және тәрбиелеу жұмыстарын ұйымдастыру;

- жоғары оқу орындарының білім беру шеңберінде магистранттардың ғылыми-зерттеушілік қызметін ұйымдастыру;

- білім беру жүйесі басқармасында инновациялық үдерістерді қамтамасыз ететін уәкілетті және жергілікті атқарушы ұйымдардың қызметі.

2.4 Кәсіби қызмет түрлері 6М050300- Психология мамандығы бойынша әлеуметтік ғылымдар магистрі төмендегідей кәсіби қызметтің түрлерін атқара алады:

- білім беру (педагогикалық);

- оқу-тәрбие;

- оқыту-технологиялық;

- әлеуметтік-педагогикалық;

- ғылыми-зерттеу;

- ұйымдастырушылық-басқарушылық.

2.5 Кәсіби қызмет функциялары 6М050300- Психология мамандығы бойынша әлеуметтік ғылымдар магистрінің кәсіби қызмет функциялары болып табылады:

- оқытушылық;

- тәрбиелік;

- кәсіби бағдарлық;

- ғылыми-зерттеушілік;

- кеңес берушілік;

- диагностикалық.

2.6 Кәсіби қызметтің типтік міндеттері 6М050300- Психология мамандығы бойынша әлеуметтік ғылымдар магистрі кәсіби қызметінің типтік міндеттері кәсіби қызметтің түрлеріне сәйкес келеді:

· білім беру қызметі саласында:

- білім алушылардың оқуы мен дамуы, оқыту мен тәрбиелеу үдерісін ұйымдастыру, педагогикалық және психологиялық үдерістерді жобалау мен басқару, болжау, түзету, педагогикалық қызметтің нәтижелерін болжамдау;

- жалпы білім беретін, техникалық және кәсіби оқу орындарында, жоғары оқу орындарында сабақ беру; оқу жағдаятында әдістемелік

білім мен қолданбалы біліктілігін жүзеге асыру;

- оқып-үйрену, қорыту, білім беру шеңберінде инновациялық тәжірибені тарату.

· оқу-тәрбиелік қызмет саласында:

- педагогикалық үдерістердің заңдары, заңдылықтары, ұстанымдары, тәрбиелік тетігіне сәйкес оқу-тәрбиелік жұмыстарын жүзеге асыру;

- тәрбие жұмыстарын жоспарлау және іске асыру;

- психология бойынша білім алушылардың білім алу және тәрбиелеу әдістері мен әртүрлі формаларын таңдау және қолдану;

- қоғамдық ережелер мен дәстүрлерге, әдет-ғұрыптарға, негізделген әлеуметтік-этикалық құндылықтарды қалыптастыру және педагогикалық қызметте оларды пайдалану;

- іскерлік этика ережелерін сақтау, мінез-құлықтың құқықтық және этикалық ережелерін меңгеру.

· оқыту-технологиялық қызмет саласында:

– оқыту үдерісінде инновациялық педагогикалық технологияларды қолдану;

– ақпараттық-коммуникациялық құралдар мен технологияларды пайдалана отырып, психология бағытындағы ақпараттарды іздеу және өңдеу үдерістерін ұйымдастыруға қатысу;

- кәсіби және әлеуметтік-гуманитарлық пәндер аясында алған білімдерін іс-тәжірибеде қолдана алу.

· Әлеуметтік- педагогикалық саласындағы қызметі:

- білім алушыларды тәрбиелеу мен дамытуда қолайлы жағдай туғызу және педагогикалық қолдау көрсету;

- этникалық және құқықтық, іскери нормаларды объективті бағалаудың тұлғалық деңгейін қалыптастыру;

- өзін-өзі дамытудың физикалық, рухани және интеллектуалды тәсілдері, психологиялық сауаттылықты қалыптастыру, ойлау мәдениеті мен этникалық тәртіпті қалыптастыру;

· Ғылыми-зерттеу саласындағы қызметі:

- ғылыми-әдістемелік әдебиеттерді зерделеу;

- психология пәндері бойынша инновациялық, педагогикалық тәжірибелерді зерделеу және қорыту;

- педагогикалық эксперимент жасап, оның нәтижелерін оқу процесіне енгізу;

- ғылыми мекемелерде және білім беру беру мекемелерінде бейіндік пәндер бойынша ғылыми зерттеулерді орындау;

- зерттеу қызметінің алгоритмін білу;

- психология ғылымының, ғылыми-зерттеу жұмысының нәтижелерін шығармашылықпен пайдалануға қолжеткізу және қорыту;

- ізденімдік жұмыстардың оңтайлы және теріс жақтарын алдын-ала болжай білу

- өзінің зерттеу жұмысының нәтижелерін шынайы бағалай білу ;

· ұйымдастырушылық-басқарушылық саласындағы қызметі:

- білім алушыны жеке тұлға ретінде тәрбиелеу үшін әртүрлі деңгейдегі оқу үдерісін жоспарлау, психология курсының мазмұнын жасау, материал іріктеу,әдістер мен тәсілдерді пайдалану;

- оқу-білім беру тәсілдерін, процесін анықтау, ұйымдастыру және жүргізу;

- өндірісте мамандыққа сай бейінді ұйымдастырушылық-технологиялық қызмет;

- әртүрлі деңгейдегі мемлекеттік құрылымдарда өндірістік-басқару іс-әрекеттер қызметі;

2.7 Кәсіби қызметтің мазмұны 6М050300- Психология мамандығы бойынша әлеуметтік ғылымдар магистрі кәсіби қызметінің мазмұны

- педагогикалық процесті сапалы басқару;

- білім беру ісінде білім алушыларды танымдық, тұлғалық қызметке белсенді түрде бейімдеу;

- оқытуда білім алушылардың өзіндік ойын ашық білдіруі және өзін-өзі көрсете алуы үшін тұлғалық-бағдарланған тәсілдерді қолдану мүмкіндігін қамтамасыз ету;

- білім алушылардың өздігінен білім алу және кәсіби бейімделуі үшін түрлі педагогикалық технологияларды қолдану, қолайлы жағдай жасау;

- кәсіби, ғылыми-зерттеу, өндірістік қызметті қазіргі заманғы талаптарға сәйкес жүзеге асыру;

3. Оқыту нәтижелері (жалпы құзыреті) 6М050300- Психология мамандығы бойынша әлеуметтік ғылымдар магистрі ( біліктілік деңгейі: ҰБШ-7) оқыту нәтижелері Дублин дескриптормен сәйкестікте екінші деңгейдегі оқыту төмендегідей мүмкіндіктерді көздейді:

- жоғары білім деңгейінде алынған негізгі білім мен түсініктің немесе өзіндік ерекше дамыған идеяларды ғылыми зерттеулер контекстінде көрсету, қолдану;

- оқылып жатқан салаға қатысты өзекті мәселелерді жаңа немесе таныс емес жағдайларда мәтіннен не одан да кеңіріек пәнаралық салалардан шешу, білімін, түсінігін және қабілетін қолдану;

- толық емес немесе шектеулі ақпараттарды ескере отырып білімдерді кіріктіру, қиындықтарды жеңу және пайымдаулар негізінде алып шығу, этикалық және әлеуметтік жауапкершілікті қолдану;

- өз қорытындыларын және білімін, олардың негіздемесін мамандарға және маман еместерге айқын және ашық хабарлау;

- білімді өздігінен жалғастыру.

6М050300- Психология мамандығы бойынша гуманитарлық ғылымдар магистрінің құзыреті білімділікке, әлеуметтік-этикалық, экономикалық және ұйымдастыру-басқару құзыреттілігіне және арнайы құзыреттіліктер негізінде қалыптастырылады;

3.1 Құзыреттілік түйіні ғылыми және педагогикалық магистратура бітірушінің құзіреттілігіне қойылатын түйінді талаптар:

1) түсінігі болуы тиіс:

- қоғам өміріндегі ғылым мен білімнің рөлі туралы;

- ғылыми танымның заманауи даму тенденцясы туралы;

- әлеуметтік, экономикалық, қоғамдық ғылымдардың методологиялық, философиялық, мәселелері туралы;

- жоғары мектеп оқытушыларының кәсіби құзіреттілігі туралы;

- жаһандану жағдайындағы әлеуметтік-экономикалық қарама-қайшылықтар туралы; 2) білуі тиіс:

- ғылыми танымның әдіснамасын (методология);

- ғылыми жұмыстың ұстанымдары мен құрылымын ұйымдастыру;

- білім беру үдерісінде білім алушылардың танымдық әрекеттерінің психологиясын;

- оқыту сапасын арттырудың психологиялық әдістерін және тиімділігін.

3) жасай алуы тиіс:

- ғылыми зерттеулер контекстінде түпнұсқалық идеяларды қолдану мен дамыту үшін алынған білімдерді пайдалану;

- бар концепцияларды сыни тұрғыдан саралау және процестер мен құбылыстарға теориялық талдау;

- жаңа таныс емес жағдайларда алынған білімдерді әртүрлі пәндер шеңберінде кіріктіріп зерттеу міндеттерін шешу;

- толық емес немесе шектеулі ақпараттарды негізінде, білімдерді пайымдап,интеграциялау арқылы шешім қабылдау;

- жоғары мектеп өзінің педагогикалық, психология білімін педагогикалық қызметінде қолдану;

- оқытуда интербелсенді әдістерді қолдану;

- ақпараттық-аналитикалық және ақпараттық-библиографиялық жұмысқа тарта отырып, қазіргі заманғы ақпараттық технологияларды қолдану;

- жаңа мәселелер мен жағдайларды креативті ойлаумен және шығармашылықпен шешу;

- шетел тілін кәсіби деңгейде меңгеру, бұл арнайы пәндер бойынша ЖОО-да ғылыми-зерттеу жүргізуге және жүзеге асыруға мүмкіндік береді;

- ғылыми-зерттеу және диссертация түріндегі аналитикалық жұмыс, ғылыми мақала, есеп, аналитикалық жазбалар және т.б. нәтижелерін қорыту;

4) дағдылануы тиіс:

- ғылыми-зерттеу қызметіне, стандартты ғылыми міндеттерді шешуге;

- білім беру және педагогикалық қызметті кредиттік оқыту технологиясы бойынша жүзеге асыруға;

- кәсіби пәндерді оқыту әдістемесі;

- білім беру үдерісінде қазіргі ақпараттық технологияны пайдалану;

- кәсіби қарым-қатынас және мәдениетаралық қарым-қатынас;

- шешендік өнер, ауызша және жазбаша ойды дұрыс және логикалық рәсімдеу;;

5) құзыретті болуы қажет:

- ғылыми зерттеу әдіснамасы саласында;

- ЖОО-дағы ғылыми және ғылыми-педагогикалық қызмет саласында;

- қазіргі білім беру технологиясы мәселелерінде;

- кәсіби қызметтегі ғылыми жобалар мен зерттеулерді орындауда;

- білімді үнемі жаңарту, кәсіби дағды мен біліктілікті кеңейтуді қамтамасыз ету тәсілдерінде;

3.2 Арнайы құзыреттілік

- A – білім мен түсіну:

- А1 – ғылыми және ғылыми-әдістемелік қызметтің мақсаты мен міндеттерін білу;

- А2 –психология негіздерінің теориялық және әдіснамалық негіздерін білу;

- А3 – психологиялық заңдылықтардың даму және қызмет ету жүйесін білу;

- А4 – іргелі психология заңдары мен теориялардың мәнін білу;

- А5 – кешенді психологиялық зертеулер аясында салалық, аймақтық, ұлттық және іргелі мәселелерді білу;

- А6 – білім беру және медицинаның түрлі саласындағы міндеттерді жүйелі шешуге бағытталған іргелі ғылыми және ғылымипрактикалық инновациялық зерттеулер туралы білу;

- А7 – қазіргі ғылыми психологиялық мәселелерді талдауға мүмкіндік беретін психология ғылымына кіріспенің негізгі категорияларын білу;

- В – білім мен түсінікті қолдану:

- В1 – қазіргі білім беру парадигмасында психология ғылымның жаңа концептуалды идеялары мен даму бағытын түсіну;

- В2 – ғылыми зерттеулер нәтижелерін компьютерлік үлгілеу мен теориялық талдау әдістерін меңгеру;

- В3 – қызметтің әр саласында психологиялық білімді қолдану;

- В4 – ғылыми зерттеудің әдіснамасын түсіну;

- В5 – әлеуметтік зерттеулер бойынша әдіснамалық, теориялық және қолданбалы деңгейлердің өзара байланысын түсіну;

- В6 – жас ерекшелігі әр түрлі білім алушылардың дамуы, қарым-қатынас жасауы, қызметін сапалы және сандық психологиялықпедагогикалық әдістер арқылы талдаудың диагностикасын өткізу;

- В7 – психологияның негізгі ғылыми тұжырымдамалары мен ғылым және қоғам дамуының жалпы мәселелерімен өзара қатынасынның байланысын түсіну.

- С – пайымдаудың қалыптасуы:

- С1 – ғылыми-педагогикалық ойлаудың инновациялық стилі және ғылыми – педагогикалық қызметті тұтастықта қабылдау;

- С2 – аналитикалық, диагностикалық, сыни дағдыларды тәуелсіз ойлау;

- С3 – психология мамандығының әлеуметтік мәнін түсіну, кәсіби этика принциптерін сақтау, психолог маманның кәсіби-тұлғалық сапасын жетілдіру;

- С4 – адам ресурстарын тиімді пайдалануда іргелі психологиялық, әлеуметтік бағыттағы жаһандық мәселелері туралы пайымдаудың қалыптасуы және оны кешенді талдауға қабілеттілік;

- С5 – дүниетаным, сана, белсенділік, жеке таным, ғылыми-зерттеу және шығармашылық қызмет;

- С6 – кәсіби-педагогикалық жеке таным, білім алушылардың жеке және кәсіби өз бетінше даму қажеттіліктерін қалыптастыру.

- D – жеке қабілеттері:

- D1 – психолог маманға тән кәсіби сапаның болуы, қарым-қатынас технологиясын, педагогикалық риторика дағдыларын, қарым-қатынас жасау стратегияларын меңгеру;

- D2 – жаңа құндылықтарды жасауға, шығармашылық шешімдерді қабылдауға дайын болу, толеранттылық және ғылыми-педагогикалық ынтымақтастыққа қабілеттілік.

- D3 – интеллектілік, адамгершілік, мәдениетті қарым-қатынас жасай білетін, ұйымдастырушылық-басқару дағдыларын дамытуға талпыну;

- D4 – жоғары педагогикалық қызметке, педагогикалық инновацияны шығармашылық тұрғыдан қолдануға, өз бетінше білім алуға, өзінөзі жүзеге асыруға талпыну;

- D5 – ғылыми білімнің қалыптасуы мен дамуы заңдылықтарын мәдениет феномені ретінде түсінуге қабілеттілік;

- D6 – ғылыми еңбекті жасау арқылы білімнің кеңістігін кеңейтетін ерекше зерттеулер негізінде ғылымға үлес қосуға қабілеттілік;

- D7 – денсаулық сақтау принциптерін жүзеге асыруға және білім алушылардың салауатты өмір салтын қалыптастыруға, еңбекті қорғауды сақтауға қабілеттілік.

4. Оқытудың стратегиясы мен әдістері 6М050300- Психология мамандығы (7-кәсіби деңгей, ҰБШ) бойынша оқытудың жалпы нәтижелері төмендегідей іс-шаралар негізінде жүзеге асады:

1) Дәрісханалық сабақ: дәріс, семинарлар және практикалық сабақтар – оқытудың инновациялық технологияларын есепке алу, ғылым, технология және ақпараттық жүйенің жаңашыл жетістіктерін пайдалана отырып интерактивті формада жүргізіледі;

2) Дәрісханадан тыс сабақтар: білім алушының өзіндік жұмысы, оқытушы жетекшілігімен жасайтын жұмыс, жеке кеңес беру;

3) Оқу және кәсіби практиканы өткізу, диссертациялық жұмысты дайындау Мамандықтың білім беру бағдарламасы білім алушыларға пәндік, пәнаралық, психология-педагогикалық және әдістемелік білімді меңгертуге, психология, педагогика және әлеуметтану саласындағы білім мен түсінікті жариялауға, алған білім мен түсінікті кәсіби деңгейде қолдануға мүмкіндік береді. Дәріс, семинар, пікір талас және практикалық сабақтар (case-study, lesson study, миға шабуыл, тренинг, коуч-сабағы, психологиялық тренинг, дискуссия),, практиканың түрлері бағдарламада магистранттарға 6М050300- Психология мамандығы бойынша негізгі және түйінді құзыреттіліктерді, соның ішінде, нақтылы әлеуметтік-педагогикалық жағдайды есепке ала отырып, оқу үдерісінде ғылыми-педагогикалық технологиялар мен ақпараттық дереккөздерді (мультимедиялық оқыту бағдарламалары, электронды оқулықтар, теледидар және Интернет-технологиялар) тиімді және креативті пайдалануға үлкен мүмкіндік береді, Магистранттардың өзіндік жұмысына профессорлық-оқытушылық құрамның басшылық жасауы, жеке кеңес беру магистранттардың оқу және ғылыми-зерттеу дағдыларын дамытуға мүмкіндік береді. Сонымен қатар, бітіруші курс магистранттары таңдап алған диссертациялық жұмыс бойынша ғылыми жетекшінің жеке басшылығымен жұмыс істейді.

5. Нәтижелерді бақылау және бағалау 6М050300- Психология мамандығына білім берудің бағдарламасы (7 -ҰБШ кәсіби деңгейі) бойынша магистр дайындауда (7-ші кәсіби деңгей НРК) кең диапазондық бақылау мен бағалаудың түрлі формалары мен білім берудің күтілетін нәтижелерін қарастырады: ағымдағы және рубежді бақылау (сабақ барысында сұрақтар жүргізу, оқу пәндері бойынша сабақ тақырыптарына сай тестік жұмыстар, лабораториялық жұмыстарды қорғау, курстық жұмыстар, дискуссиялар, тренингтер, коллоквиумдар және т.б..), аралық аттестация (оқу пәндері бөлімдері бойынша тестік жұмыстар, емтихандар, тәжірбие жұмыстары бойынша есеп жұмыстарын қорғау), мемлекеттік қорытынды аттестациясы (дипломдық жұмысты (жоба) қорғау, мемлекеттік пәнаралық емтихан ). Бағалау әдістері сыни ойлауды дамыту мақсатын негізге ала отырып, жазбаша және ауызша коммуникативтік, презентациялық дағдыларды, лабораториялық зерттеулерді жүзеге асырады. Мамандық бағдарламасы оқу және үздіксіз педагогикалық тәжірибе жұмыстарын бүкіл оқу барысында кіріктіреді, бұл магистранттарға тәжірбиелік-бағдарлық білім мен дағдыны өз пәндік саласында игере отырып, оқу-педагогикалық қызметін жоспарлауды ұйымдастыруда 6М050300- Психология мамандығы бойынша шет тілді ортаға сабақ беруде оқу үрдісінде инновациялық технологияны қолдана отырып, білім алушы мен оқытушының арасын педагогикалық байланыс жасауда қолдана білуге мүмкіндік береді.

6. Пәндер атауы

1. Педагогикалық психологияның теориялық негіздері

2. Психологиялық зерттеудің әдіснамасы

3. Қазіргі психологияның жағдайы тенденциясы тарихы

4. Тренинг теориясы

5. Қазақстандағы психологиялық ғылым

6. Әлеуметтік және ұйымдастырушылық психология

7. Терроризм психологиясы

8. Гештальтпсихология

9. Іскерлік және тұлғааралық қарымқатынас психологиясы

10. Этнопсихологиядағы эксперименталдық және кроссмәдени зерттеулер

11. Зерттеудің әдістері және ұйымдастыру

12. Практик психолог іс-әрекетінің теориясы және әдістемесі

13. Психологиялық эксперименттің теориясы және практикасы

14. Менеджмент психологиясы-

15. Клиникалық психология

16. Конфликтология-

17. Девианттық мінез-құлық психологиясы

18. ЖОО-психологиялық пәндерді оқыту әдістемесі

19. Когнитивтік психология

20. Акмеология

21. Практикалық психодиагностика

22. Стресс психологиясы

23. Персоналды басқарудың психологиялық негіздері

24. Қарым-қатынас психологиясы

25. Психологиялық кеңес беру

26. Психотерапия

27. Психологиялық тренинг жүргізу әдістемесі

28. Медиация психологиясы

29. Педагогикалық практика

30. Зерттеу практикасы

31. Ғылыми-зерттеу жұмысы