Дайындық бағыты/ Направление подготовки білім / образование / education

Мамандығы / Специальность 5В010300 Педагогика және психология
5В010300 Педагогика и психология

5В010300 Pedagogy and psychology

Уровень бакалавриат

Академиялық дәрежесі / Академическая степень 5В010300 Педагогика және психология

мамандығы бойынша білім бакалавры

Бакалавр образования/ по специальности

5В010300 «Педагогика и психология»

The bachelor of education in the speciality

5В010300 «Pedagogy and psychology»

Оқу түрі / Форма обучения күндізгі / очная / full-time

Оқу мерзімі / Срок обучения 4 жыл года / years (2018-2022)

5В010300 - Педагогика және психология мамандығы бойынша білім берудің мақсаттары

5В010300 - Педагогика және психология мамандығы бойынша білім берудің негізгі мақсаты:

- кәсіптік қызметте талап етілетін іргелі білімді, дағдыларды және құзыреттерді қалыптастыру;

- экологиялық, физикалық және этикалық, құқықтық мәдениет пен ойлау мәдениетін қалыптастыру;

- тілдік дайындық;

- жалпыға ортақ адами және әлеуметтік-жеке құндылықтарды қалыптастыру;

- патриотизм, Қазақстан халықтарының достығы, толеранттылық рухында тәрбиелеу.

1. Біліктілік пен лауазымдардың тізімі

Осы білім беру бағдарламасының түлектеріне «Білім бакалавры» дәрежесі тағайындалады.

Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2009 жылғы 13 шілдедегі № 338 бұйрығымен бекітілген, 2011 жылғы 9 маусымдағы № 241, 2013 жылғы 27 желтоқсандағы № 512 бұйрығымен өзгертулер мен толықтырулар енгізілген, педагогикалық қызметкерлердің және оларға теңестірілген тұлғалардың лауазымдарының Типтік біліктілік сипаттамаларына сәйкес, білім беру бакалавры, категориясы жоқ біліктілігі жоғары деңгейлі маман санатында жұмыс өтіліне талап қоймай ақ, келесі лауазымды атқара алады:

- педагог-психолог.

2. Білім беру бағдарламасының түлегінің біліктілік сипаттамалары

2.1 Кәсіби қызметтің саласы

5В010300 - Педагогика және психология мамандығы бойынша білім бакалавры білім беру саласындағы кәсіби қызметін жүзеге асырады. NRC үшін біліктілік деңгейі - 6.

2.2 Кәсіби қызметтің объектілері

5В010300 - Педагогика және психология мамандығы бойынша бакалаврдың кәсіптік қызмет объектілері:

- меншік нысаны мен ведомстволық бағыныстылығына қарамастан барлық типтегі және түрдегі мектепке дейінгі тәрбие беру мен оқытудың ұйымдастыру;

- меншік нысаны мен ведомстволық бағыныстылығына қарамастан, барлық типтегі және түрдегі орта білім беруді ұйымдастыру;

- техникалық және кәсіптік білім беруді ұйымдастыру.

2.3 Кәсіптік қызметтің пәні

5В010300 - Педагогика және психология мамандығы бойынша білім беру бакалаврының кәсіптік қызметінің пәндеріне жатады:

- педагогика мен психологияны оқыту, инновациялық психологиялық-педагогикалық әдістер мен құралдарды пайдалана отырып оқушыларды тәрбиелеу.

- әлеуетті мүмкіндіктерді дамыту мақсатында психиканың жеке тұлғалық және танымдық салаларын зерттеу; тұлғалық-бағдарланған білім беруді жүзеге асыру арқылы жеке-дара және дифференциалды тұрғыларды қолдану.

2.4 Кәсіби қызмет түрлері

5В010300 - Педагогика және психология мамандығы бойынша білім бакалавры келесі қызмет түрлерін атқара алады:

- білім беру (педагогикалық);

- оқыту және тәрбиелеу;

- оқу-технологиялық;

- әлеуметтік-педагогикалық;

- эксперименталды және зерттеу;

- ұйымдастырушылық және басқарушылық.

2.5 Кәсіби қызметтің функциялары

5В010300 - Педагогика және психология мамандығы бойынша бакалаврдың кәсіби қызметінің міндеттері:

- оқыту;

- білім беру;

- кәсіптік бағдарлау;

- ғылыми-зерттеу;

- санитарлық-гигиеналық.

 

2.6 Кәсіби қызметтің типтік міндеттері

5В010300 - Педагогика және психология мамандығы бойынша бакалавр кәсіби қызметінің типтік міндеттері кәсіптік қызмет түрлеріне сәйкес шешілуі тиіс:

білім беру саласындағы қызмет:

- оқушыларды оқыту және дамыту, оқыту мен тәрбиелеу үрдісін ұйымдастыру, педагогикалық процесті жобалау және басқару, диагностика, түзету, педагогикалық қызметтің нәтижелерін болжау;

- Жалпы білім беру, техникалық және кәсіптік мектептерде сабақ беру, нақты жағдаяттарда әдістемелік білім мен қолданбалы дағдыларды жүзеге асыру;

- оқу-тәрбие жұмысы саласында:

- педагогикалық процестің заңдары, заңдылықтары, қағидалары, тәрбие беру тетіктеріне сәйкес оқу-тәрбие жұмысын жүзеге асыру;

- сыныптан тыс тәрбие жұмысын жоспарлау;

- нақты білім беру міндеттерін шешу;

- педагогика мен психология бойынша сыныптан тыс жұмыстарда мектеп оқушыларын тәрбиелеу және оқытудың әртүрлі формалары мен әдістерін таңдау және қолдану;

- сынып оқушыларының ұжымымен, осы сыныпта жұмыс істейтін мұғалімдермен, ата-аналармен қарым-қатынас орнату.

 

оқу-технологиялық қызмет саласындағы:

- инновациялық педагогикалық технологияларды оқу үрдісінде пайдалану;

- ақпараттық-коммуникациялық құралдар мен технологияларды пайдалана отырып, психологиялық-педагогикалық ақпаратты іздеу мен өңдеу үдерісін ұйымдастыруға қатысу.

әлеуметтік-педагогикалық қызмет саласында:

- оқушыларды тәрбиелеу мен дамыту үшін қолайлы жағдайлар жасау және педагогикалық қолдауды қамтамасыз ету;

тәжірибелік зерттеулер саласында:

- ғылыми және әдістемелік әдебиеттерді зерттеу;

- педагогика мен психологияны оқытуда озық педагогикалық тәжірибені зерттеу және жалпылау;

- педагогикалық эксперименттерді оқу үдерісінде олардың нәтижелерін енгізу арқылы жүргізу;

ұйымдастырушылық және басқарушылық қызмет саласында:

- білім берудің әртүрлі деңгейлерінде педагогика мен психология курсының мазмұнын жоспарлау;

- оқу-білім беру үрдісін ұйымдастыру мен өткізу жолдарын анықтау;

2.7 Кәсіби қызметтің мазмұны

5В010300 - Педагогика және психология мамандығы бойынша білім бакалаврының кәсіби қызметінің мазмұны:

- педагогикалық процесті сапалы ұйымдастыру және басқару;

- студенттердің танымдық белсенділік жолдарын белсенді оқытуға бағыттауы, білімнің жеке маңыздылығы;

- оқу процесін оқушының жеке тұлғаға бағыттау, оның өзін таныту және өзін-өзі жүзеге асыру мүмкіндігін қамтамасыз ету;

- әртүрлі педагогикалық технологияларды қолдану, өзін-өзі тәрбиелеу және студенттердің кәсіби бағдар беру үшін қолайлы жағдайлар жасау.

3. Оқу нәтижелері (жалпы құзыреттіліктер)

5В010300 - Педагогика және психология мамандығы бойынша білім беру бакалаврының білім деңгейі бірінші деңгейдегі Дублиндік дескрипторларына сәйкес:

- педагогика мен психологиядағы ең озық білім элементтерін қоса алғанда, оқу аумағындағы білімі мен түсінігін көрсете алу;

- бұл білімді және түсінікті кәсіби деңгейде қолдану;

- педагогика мен психологияны оқыту барысында дәлелдер қалыптастыру және кәсіби проблемаларды шешу;

- әлеуметтік, этикалық және ғылыми көзқарастарды ескере отырып, пікір-шешімдерін қалыптастыру үшін ақпаратты жинау және түсіндіру;

- мамандар және мамандар еместерге ақпарат, идеялар, проблемалар мен шешімдерді баяндау.

5В010300 - Педагогика және психология мамандығы бойынша білім берудің бакалаврының жалпы құзыреттіліктері - түйінді және арнайы дағдылары (жалпы білім беру, әлеуметтік, этикалық, экономикалық, ұйымдастырушылық және басқарушылық құзіреттілігіне қойылатын талаптар) негізінде жасалады.

3.1 Негізгі құзыреттіліктер

Жалпы білімге қойылатын талаптар:

- жаратылыстану-ғылыми, әлеуметтік-гуманитарлық, экономикалық пәндер саласында базалық білімге ие болу; бұл жоғары білімді адамның кең ой-өрісі мен ойлау мәдениетімен қалыптасуына ықпал етеді;

- қазіргі заманғы технологияларды басқару дағдыларын меңгеру, кәсіби қызметте ақпараттық технологияларды пайдалана білу;

- күнделікті кәсіби жұмыс және магистратурада үздіксіз білім алу үшін қажетті жаңа білім алу дағдыларын меңгеру.

 

Әлеуметтік және этикалық құзыреттілікке қойылатын талаптар:

- қоғамдық пікірге, салт-дәстүрге, қоғамдық нормаларға негізделген әлеуметтік-этикалық құндылықтарды білу және кәсіби әрекетінде қолдану;

- іскерлік этика нормаларын сақтау, іс-әрекеттің этикалық және құқықтық нормаларын игеру;

- Қазақстан халқының салт-дәстүрі мен мәдениетін білу;

- Қазақстан құқықтық жүйесі негізі мен заңнамасын білу;

- Қоғамның әлеуметтің даму тенденциясын білу;

- Түрлі әлеуметтік жағдайларда дұрыс бағдарлану қабілеті;

- Топта жұмыс жасау қабілеті, өз ойын толыққанды жеткізе білу, жаңа шешімдер ұсына білу;

- Ортақ келілһсімге келе білу қабілеті, топ ойымен өз ойын үйлестіре білу;

- Тұлғалық және кәсіби дамуға ұмтылу.

Экономикалық және ұйымдастырушылық-басқарушылық құзыреттіліктерге қойылатын талаптар:

- Экономикалық білім негізін білу, менеджмент, маркетинг, финанс және т.с.с салалардан ғылыми түсініктің болуы;

- мемлекеттік экономика бақылауының мақсаты мен әдістерін, экономикадағы мемлекеттік сектор рөлін білу және түсіну.

Өзгерістер мен толқыныстар динамизмінің дамуы кезіндегі әлеуметтік, экономикалық, кәсіби рөлдердің, географиялық және әлеуметтік мобильділіктің ауысуына дайындық талаптары:

- Жаңартылған ақпараттық толқуларға бағытталу және әлемдік экономикадағы динамикалық өзгергіш құбылыстар мен процестерге бейімделу;

- Кәсіби әрекеттермен байланысты әр түрлі жағдайлар мен ситуацияларда иілгіш және мобильді болу;

- Толқыныстар мен қауіп жағдайында экономикалық және ұйымдастырушылық бағытындағы шешімдерді қабылдау қабілетінің болуы.

3.2 Арнайы құзыреттіліктер

А-білім және түсінік

А1-Арнайы психо-педагогикалық түсініктер, заңдар және құбылыстар туралы білім;

А2-Тұлға дамуының заңдылықтары, оқыту мен тәрбиелеу процестері туралы білім;

А3-Әр түрлі педагогикалық жүйелер ерекшеліктері, және де әр түрлі білім беру деңгейінің оқыту бағдарламалары туралы білім;

А4- Тұлғаның психоэмоцияналды төзімділігін қалыптастырудағы инновациялық технологиялар және теоретикалық негіз туралы білім;

А5-Білім беру процесіндегі субьекттің психикалық және психологиялық денсаулығының сақталуы туралы білім;

А6- Психо-педагогикалық әрекеттің дидақтикалық негізі, қарым-қатынас психологиясы мен педагогикасы, және де кәсіби мінез-құлық нормалары туралы білім;

В-білім мен түсініктің қолданылуы:

В1-Білім беру процесінің барлық деңгейіндегі психо-педагогикалық көмек берудің жүйелік ұйымдастырылуының әдістері мен құралдарының меңгерілуі;

В2-бағдарлама, оқыту, тәрбиелеу және тұлға дамуының тапсырмаларының орындалуына бағытталған психо-педагогикалық әдістемелік материалдардың жеке жасақталуы;

В3-Білім беру талаптарының психологиялық қамтылуы, субьект-субьектті қарым-қатынас қалыптастырудағы білімін қолдану;

В4-Педагогикалық процесс пен әрекеттің әр түрлі түрлерін модельдеу мен құрастыру қабілеті;

В5-Әр түрлі жастағы білім алушылардың тұлға сферасының түрлі дамуына диагностика жүргізу;

В6-Инновациялық идеялар мен кәсіби әрекеттегі жаңа технологиялардың қолданылуына, өзін-өзі тәрбиелеу мен шығармашыл ғылыми зерттеу әрекетіне даяр болу.

С-Ойлауды(пайым) қалыптастыру

С1-Педагогикалық шындықтың толық қабылдануы мен жүйелік ойлау;

С2-Ойлау тәуелсіздігі, критикалық, аналитикалық, диагностикалық дағдылар;

С3-педагогикалық мамандықтың әлеуметтік маңыздылығын түсіну, кәсіби этика принциптерін сақтау;

С4-Педагогика және психология аумағындағы анализдеу қабілеті мен ойлауды (пайым) қалыптастыру .

D- Тұлғалық қабілеттер:

D1-Қарым-қатынас технологиялары, педагогикалық риторика дағдылары, коммуникация стратегияларын игеру;

D2-Педагогикалық жұмыстануға дайындық пен толеранттылық;

D3 - Интеллектуалды, моральды-адамгершілік, мәдени-жинақылық, коммуникативті, ұйымдастыру мен басқару дағдыларын дамытуға ұмтылыс;

D4-Инновациондық педагогикалық тәжірибені үйрену мен қолдану мүмкіндігі, педагогикалық әрекетке жоғары мотивация, өзін-өзі тәрбиелеу мен дамытуға ынта;

D5-Салауатты өмір салтын ұстануға, еңбекті қорғауды сақтану мүмкіндігі.