Педагогика және психология кафедрасының жексенбілік мектеп бойынша жүргізілген жұмыстары

Педагогика және психология кафедрасы бойынша жексенбілік мектеп бойынша жұмыстар жыл сайын жоспарға сай ұйымдастырылуда.

Өткен 2017-2018 оқу жылының басында педагогика және психология кафедрасында жексенбілік мектептің шарасына жұмыс жоспары құрастырылды. Жексенбілік мектептің өткізілу уақыты бейсенбі күнге белгіленілді.
Жыл бойына кафедра оқытушылары ЖОББМ-ның жоғарғы сынып оқушыларымен ғылыми жоба жұмысына әдістемелік көмек көрсетті.
Кафедра доценті, п.ғ.к. Муханбетчина А.Г. жексенбілік мектепке келген оқушыларға жеке тұлғаның бағыттылығы туралы әңгіме өткізді.
06.02.2018 ж. кафедра аға оқытушылары Калаханова С.Б. және Кулдашева Н.У. Орал қаласының №20 ЖОББМ оқушыларына кәсіби бағдар жұмысын өткізді. Кәсіптік бағдар беру мақсатында әлеуметтік-психологиялық тренингтер мен ойындар өткізіп, кәсіпке икеділіктері мен ерекшеліктерін психодиагностикалық құралдар, атап айтқанда Е.Климовтың кәсіби ерекшеліктерді анықтау әдістемесі және Айзенктің жалпы интеллектуалды қабілеттерді анықтау әдістемесі арқылы зерттелді. Зерттеу нәтижелері оқушыларға хабарланды.

 

07.04.2018 ж. кафедра оқытушысы Э.К. Абдираимова № 20 ЖОББМ –те 9-11 сынып оқушыларына өткізілген университет пен колледждер мамандыктары кәсіби бағдар жұмысына қатысты.
25.05.2018 ж. кафедра аға оқытушысы Баюканская С.Ф. № 20 ЖОББМ –тің «Соңғы қоңырау» салтанатына қатынасып мектеп түлектерін университетке оқуға шақырып, ата-аналарымен кәсіби бағдар бағытында сұхбат жүргізді.
Педагогика және психология кафедрасының оқытушылары №1, 20 ЖОББМ мұғалімдеріне әдістемелік құрал, ғылыми-тәжірибелік конфернцияларға мақала жазу кезінде әдістемелік көмек беруде.