Педагогика және психология кафедрасы бойынша филиалдармен жүргізілген жұмыстары

Педагогика және психология кафедрасы жыл сайын бекітілген жоспарға сай филиалдармен жұмыстар жүргізуде.

2018-2019 оқу жылының  қыркүйек айында кафедраның кәсіби бағдар жұмысының, кафедра филиалдарымен, жексенбілік мектептеріне арналған жұмыс жоспары, облыс, қала мектептеріне кәсіби бағдар беру жұмысының іс сапар тізімі ПОқ қатысуымен келісе отырып құрастырылды. Кафедра бойынша филиалдардағы  ұйымдастырылатын шаралардың формалары мен әдістері анықталып, орындайтын жауапты оқытушылар белгіленді. Филиалдардың жұмыс жоспары кафедра отырысында және факультеттің оқу-әдістемелік кеңесінде бекітілді.

2017-2018 оқу жылында жұмыс жоспарына сай кәсіптік бағдар және филиалдармен жұмыстар жүргізілді. Атап айтсақ,14 қазан күні кафедра аға оқытушысы  О.Н.Ерниязов №42 ЖОББ  мектепте  кәсіби  бағдар жұмысын жүргізу  мақсатында үгіт насихат жұмысын жүргізіп, бітіруші түлектерге  кафедраның дайындайтын мамандықтары туралы мағлұмат берді.

Ал, 7 қарашада Трекин ауылы, Трекин ЖОББМ11 сынып оқушыларының ата - аналарыменкәсіби бағдар беру мақсатында кафедра оқытушысы А.А.Жумабаевакездесті. Негізгі мақсаты оқушылардың мамандық әлеміндегі еңбектің түрлерін бағдарлауға және педагог мамандығының ерекшелігіне тоқталды.  Ата аналар шараға белсенді  қатысып  мамандық туралы өз көзқарастарын ортаға салды.  Шара барысында ата аналармен жақынырақ танысып, түрлі тренингтер өткізілді.