Мектепке дейінгі және бастауышта білім беру кафедрасының 2017– 2018 оқу жылдарына арналған кәсіптік бағдарлама беру жұмысының жоспары 12.09.2017ж. бекітілді. Бекітілген жоспарға сәйкес, 2017 ж. қыркүйек айында келісім – шарт жасалған:

  1. Ақжайық ауданы: Бударин ЖОББМ (Бударин ауылы)
  1. Ақжайық ауданы: Абай ат. (Чапаев ауылы)
  2. Ақжайық ауданы: Мерген ЖОББМ (Мерген ауылы)
  3. Ақжайық ауданы: №1 ЖОББМ (Чапаев ауылы)
  4. Зеленов ауданы: Белес ЖОББМ (Белес ауылы)
  5. Қаратөбе ауданы: Мұхит ЖОББМ (Мұхит ауылы)
  6. Қаратөбе ауданы: Жусандай ЖОББМ (Жусандай ауылы)
  7. Қаратөбе ауданы: Соналы ЖОББМ (Соналы ауылы)
  1. Қалалық № 43,40,27,3,6, ЖОББМ –і;

10.Ж.Досмухамедов атындағы колледжі.

Жалпы педагогика, психология және өзін - өзі тану кафедрасының кәсіптік бағдар беру жұмыстарына жауапты ретінде оқытушы магистр С.Н.Есенова бекітілді.

Кафедра оқытушылары М.Өтемісов атындағы БҚМУ – дың жоғары оқу орнына дейінгі дайындау орталығының  жоспары бойынша жүргізілген кәсіби бағдар және кеңес беру жұмыстарына қатысты.

Аталған оқытушылар өздеріне бекітілген мектеп ұжымдарымен кездесіп, ата-аналар жиналыстарын өткізіп, сауалнамаларға талдау өткізіп, тұрақты байланыс телефондарын орнату, университет бойынша жүргізілген  іс-шараларға тарту сияқты  көлемді жұмыстарды атқарды.05.02.2018 жылы №43 ЖОББМ-ке бекітілген оқытушы магистр С.Н Есенова  кәсіби бағдар беру жұмысын 11-сынып түлектерімен жүргізді,түлектер саны – 26.Таңдау пәні төменде көрсетілді:

2 оқушы-Қазақ тілі-Тарих

3 оқушы-Тарих

8 оқушы-Ағылшын тілі-География

3 оқушы- Физика-Математика

    10 оқушы- Биология-химия

№40ЖОББМ 11а-сынып оқушыларына кәсіби бағдар жұмысымен оқытушы магистр Р.Д.Сариева жүргізді.16.02.18жылы қатысқан оқушы саны 17,соның ішінде 2 оқушы гуманитарлық ғылым бойынша       

« халық аралық қатынастар »мамандығын тандаса,ал екі оқушы тарих мамандығын тандады.Сондай-ақ Р.Д Сариева М.Өтемісов атындағы Батыс Қазақстан мемлекеттік университетінің №013(ә)–45, 22.01.2018ж. бұйрығына сәйкес университет оқытушыларымен бірге 2018 жылдың 24-26 қаңтар күндері Бөрлі ауданына қарасты жалпы орта білім беретін мектептерінде бітіруші түлектерге кәсіби бағдар беру жұмыстарын жүргізу үшін  іс-сапарда болды.

    -    №1,2,3,4,5,6,7 ЖОББМ (Ақсай қаласы);

  • Бөрлі ЖОББМ, Бөрлі №1 ЖОББМ (Бөрлі ауылы);
  • Пугачев ЖОББМ (Пугачев ауылы), Приурал ЖОББМ (Приуральный ауылы), Жарсуат ЖОББМ (Жарсуат ауылы).

 

Бітіруші түлектермен кездесе отырып, БҚМУ туралы толық мағлұматтар берілді. Атап айтсақ, университетіміздің Қазақстан жастарын бәсекеге қабілеттілігін арттыру, аймақтар бойынша сұранысқа ие, талап етілетін мамандықтарға кәсіби мамандарды даярлап оқытатындығы туралы атап өттік.  Мектеп бітіруші түлектердің көптеген сұрақтарына тұжырымды жауаптар берілді. Оқуға қабылдау бойынша былтырғы жылдың өзгерістерін түсіндіріп өттік. Сонымен қатар арнайы емтихан педагогикалық мамандықтарды таңдайтын талапкерлер үшін сұхбаттасу формасында өтетіндігі айтылды.

Университетіміздің талапкерлерге арналған «БҚМУ» газеті, флаер, плакат үлестірілді. Оқушылардың сұрақтары бойынша жауап берілді. Мектеп басшыларымен және оқытушыларымен мектеп түлектерінің жоспарлары  туралы, оқушылардың қандай пәндер және қандай мамандықтар таңдап отырғаны туралы сұхбаттасу өткізілді. 11 сынып оқушыларымен әңгімелесу және арнайы дайындалған  сауалнама жүргізілді.

Сауалнама нәтижесін қорытындылай келе, Бөрлі ауданы жалпы орта білім беретін мектептері бойынша барлығы сауалнамаға қатысқан оқушылар саны – 214 оқушы. Оның ішінде қазақ бөлімі – 112 оқушы, орыс бөлімі – 102 оқушы. М.Өтемісов атындағы БҚМУ-ды таңдағандары 30 оқушы (қазақ бөлімі – 19, орыс бөлімі – 11). Ал, университетімізді таңдауда ойланып, бірақ нақты шешім қабылдамаған - 66 оқушы (қазақ бөлімі - 40, орыс бөлімі – 26). Нәтижесінде оқушылардың қандай салаға бағытталғандығын байқадық. Қорытындылай келе алдағы уақытта университетімізге қызығушылық танытып отырған оқушылармен жұмыстанамыз.

Сонымен қатар Батыс Қазақстан облысының білім басқармасы басшысының бұйрығымен «Педагогикалық сынып» тақырыбындағы облыстық эксперимент болып Бөрлі ауданы, Ақсай қаласының №6 ЖОББМ бекітілген. Осы орайда іссапар барысында сол мектепте болып, университетіміздің «Мектепке дейінгі және бастауышта білім беру» кафедрасының оқытушысы Сариева Раушан Даулбайқызы «Педагогикалық сынып» педагогтерімен және оқушылармен жұмыстанды. Оқушыларға педагогикалық мамандықтарымызды насихаттап, «Педагогикалық сыныптың» жай –күйін талқылады.

Іссапарда жоспарланған барлық жұмыстар толық атқарылып, ауданның мектеп оқушыларына М.Өтемісов атындағы БҚМУ туралы, Кешенді тестілеу өткізілу ережелері, университеттегі мамандықтар, оқу құны туралы жан-жақты мағлұматтар берілді. Атқарылған жұмыстар бойынша хаттама мәтіні бар. Фото суреттер қосымшада тіркелді.        

  

 Бұл аталған оқытушылардың жұмыс есептері өз алдына әзірленіп, осы жалпы жұмыс есебіне тіркелді. Алдағы уақытта оқу жылының екінші жартысына жүргізілетін кәсіптік бағдар беру жұмыстарын атқару жоспарланды соның ішінде №3,№6-шы мектептерге кәсіби бағдар бойынша бару мамыр айының соңына дейін жоспарланып отыр.

Кафедра оқытушылырының кәсіби бағдар беру және  мамандық таңдаудағы кеңес беру жұмыстарының бағыты әрі мақсаты мынадай мәселелереге негізделді:

  • Ата-аналар мен оқушыларға БҚМУ тарихы мен жетістіктері туралы толықтай мәлімет алуын қамтамасыз ету;
  • Мамандық тандау жөнінде мектеп түлектерінің өзіндік ой - пікірлерін қалыптастыруға ықпал ету;
  • Мектеп түлектеріне университеттегі мамандықтар туралы толық мағлұматтармен қамтамасыз ету.Бұл ретте бейне роликтерді және жарнамалық ақпарат мәліметтерін тиімді қолдану;
  • Мектеп оқушыларының тізімдерін алу, байланыс телефондарын орнату т.б. іс – шараларды жүзеге асыру;

 

ЖАЛПЫ ПЕДАГОГИКА, ПСИХОЛОГИЯ ЖӘНЕ ӨЗІН-ӨЗІ ТАНУ

 КАФЕДРАСЫНЫҢ КӘСІБИ БАҒДАР,

ҮГІТ-НАСИХАТ ЖҰМЫСТАРЫН ЖҮРГІЗУ ҮШІН ҚАЛАЛЫҚ ЖӘНЕ АУДАНДЫҚ ОРТА МЕКТЕПТЕРГЕ БЕКІТІЛГЕН ЖАУАПТЫ ОҚЫТУШЫЛАРДЫҢ ТІЗІМІ

 

Оқытушының

аты-жөні

Кафедра атауы

Лауазымы

Іссапарға баратын аудан орталығы

Мектеп атауы

1

Мақсотова Т.Т.

Жалпы педагогика, психология және өзін-өзі тану

Магистр-оқытушы

Қаратобе ауданы

Мұхит ЖОББМ

Жусандай ЖОББМ

Соналы ЖОББМ

2

Сариева Р.Д.

Жалпы педагогика, психология және өзін-өзі тану

Магистр-аға оқытушы

Тасқала ауданы

Логашкино

ЖББОМ

3

Есенова С.Н.

Жалпы педагогика, психология және өзін-өзі тану

Магистр-оқытушы

Акжайық ауданы

Чапаево ауылы

№1 ЖББОМ

4

Есенова С.Н.

Жалпы педагогика, психология және өзін-өзі тану

Аға оқытушы

Акжайық ауданы

Чапаево ауылы

№2, ЖББОМ

5

ЖантурееваА.А.

Жалпы педагогика, психология және өзін-өзі тану

Оқытушы

магистр

Бөрлі ауданы

 

6

Есенова С.Н.

Жалпы педагогика, психология және өзін-өзі тану

 

Зеленов ауданы

Белес ЖОББМ

Кафедра оқытушылары жыл бойы бекітілген ауыл мектептеріне келесі тұрғыда жұмыстар жүргізуде оқу жылының екінші жартысының кестесі бойынша жоспар орындалып жатыр. М.Өтемісов атындағы Батыс Қазақстан мемлекеттік университеті, жұмыс тобының ұйымдастыруымен С.Н. Есенова 2017 жылдың 12-14 желтоқсан күндері аралығында Теректі ауданының елді мекендеріндегі мектептеріне барып жүргізген кәсіби бағдар бойынша есеп жұмысының нәтижесінде аралас, қазақша сыныптарға жалпы БҚМУ туралы бейнеролик көрсетіліп, мамандық туралы толық мағлұмат берілді. Мектеп түлектерінің көпшілігі төртінші пән ретінде физика, биология, география пәндерін таңдап отырғаны айқындалды. Оқушылардың тарапынан түскен сұрақтарды жалпы осылай жіктеуге болады: мамандықтар бойынша грантқа өту балының мөлшері, ақылы оқудың оқу ақысы, конкурсқа қатысу ерекшеліктері, құжаттарды қабылдау мерзімі мен қажетті құжаттар, шығармашылық емтихандарға құжаттар тапсыру. Кәсіптік бағдар жұмыстарын жүргізу барысында кафедра оқытушылары тарапынан БҚМУ туралы толық мәлімет беріліп, қабылдау комиссиясы туралы ақпарат берілді. Кездесу барысында оқушылар жұмыс тобына көптеген сұрақтар қойды, соның ішінде білім саласында болатын өзгерістерге, грант саны, мамандықтар туралы толықтай мәлімет алды. Сонымен қатар, кездесу барсында оқушыларға буклеттер, күнтізбе көрсетілді және анкета, Кездесу барысында оқушылармен оқытушылар фотоға түсіріліп,оқу хаттамасы толтырылды, Теректі ЖОББМ мектебінде 11 сыныпта жалпы саны 98 оқушы бар. 2 оқушы язык обучение и литература, 3 оқушы история география пәнін , 8 оқушы биология, 4 оқушы дене шынықтыру, 3 оқушы география, 2 оқушы химия пәнін таңдап отыр. Кәсіби бағдар бойынша кездесуде оқушылар көптеген сұрақтар қойды. Бұл сұрақтарға нақты жауаптар алынып, оларға буклет, күнтізбелер үйлестірілді.