КАФЕДРАСЫНЫҢ МАҚСАТ-МІНДЕТТЕРІ

Біздің мақсатымыз: еңбек нарығында бәсекеге қабілетті және қажетті педагог-психологтарды, әлеуметтік педагогтарды, өзін-өзі тану пәні мұғалімдерін, бастауыш сынып мұғалімдерін, мектепке дейінгі ұйым тәрбиешілерін даярлау

Біздің принциптер:

1. Білім беру қызметінің сапасын арттыру.

2. Сапалы жұмыс жасауға жауапкершілік, жұмысын адал орындау.

3. Үздіксіз білім алу мен құзыреттілік.

Біздің әдістер:

1. Оқыту сапасын үздіксіз жетілдіруді қамтамасыз ету.

2. Дәріс, семинар және практикалық сабақтардың ғылыми және әдістемелік деңгейлерін арттыру, білім беру қызметтерінің траекториясын құру.

3. Кафедрада оқылатын пәндердің оқу-әдістемелік және электрондық оқу-әдістемелік кешендерін жасау және оларды әдістемелік қамтуды іске асыру.

4. Қолданбалы ғылыми зерттеулер жүргізу, профессор-оқытушылық құрамның инновациялық қызметін дамыту.

5. Кафедра мүшелері, магистранттар даярлаған ғылыми-зерттеу жұмыстарын талқылау және диссертация қорғауға, мақала жариялауға ұсыныстар беру.

6. Студенттердің ғылыми-зерттеу жұмыстарын ұйымдастыру, оларды ғылыми конференция, семинар, конкурстарға қатыстыру

7. Ізгіліктікті, белсенді азаматтық позицияны, патриотизмді, әлеуметтік жауапкершілікті, жоғары адамгершілік және көшбасшылық сапаларды қалыптастыру мақсатында студенттермен тәрбие жұмысын жүргізу

8. Білім беру ұйымдарымен, отандық және шетелдік жоғары оқу орындарымен және ғылыми орталықтарымен әлеуметтік серіктестікті дамыту

9. Халықаралық байланыстарды кеңейту, білім алушылар мен ПОҚ-ның академиялық ұтқырлығын дамыту.

Біздің ғалымдар: Кафедраның ғалымдары - профессор Имангалиев А.С., пс.ғ.к., профессор Сарсенбаева Б.И., п.ғ.д., доцент Сардарова Ж.И., т.ғ.д., доцент Н.А.Адельбаева, пс.ғ.к., доцент Нургалиев К.А., доцент Молдагалиев Б.А., доцент Ломоносов И.М., доцент Ергалиева Г.А., п.ғ.к. Габдрахманова Ш.Т., п.ғ.к. Муханбетчина А.Г, п.ғ.к. Хасанова И.У., п.ғ.к. Казетова А.Х.

Кафедрада 4 ғылым докторы, 8 ғылым кандидаты, 12 тәжірибелі оқытушы-магистрлар қызмет атқарады.

Педагогика және психология кафедрасының меңгерушісі Габдрахманова Ш.Т.