Мектепке дейінгі және бастауыш білім беру кафедрасының меңгерушісі– п.ғ.к., доцент Казетова А.Х.

Мекен-жайы: БҚО Орал. Қ., Студенческая көш., № 7 оқу корпусы

Телефон: 8 (7112) 505346

E-mail: dnokafedra@mail.ru

Кафедра миссиясы: бәсекеге қабілетті және жоғары білікті мамандарды даярлау.

Кафедра мақсаты: еңбек нарығында сұранысқа ие білікті бастауыш сынып мұғалімдерін және бәсекеге қабілетті тәрбиешілерді даярлау.

Мектепке дейінгі және бастауыш білім беру кафедрасы «5В010100 Мектепке дейінгі оқыту және тәрбиелеу», «5В010200-Бастауышта оқыту педагогикасы мен әдістемесі», «6М010200-Бастауышта оқыту педагогикасы мен әдістемесі» білім беру бағдарламалары бойынша мамандар дайындайды.

Кафедра принциптері:

1. Мектепке дейінгі тәрбиеленушілер мен бастауыш сынып оқушыларының субъектілік іс-әрекетін ұйымдастыру;

2. Тұлғаны қалыптастыру және дамыту үрдістерін басқару;

3. Өз еңбегінің сапасына жауапкершілікпен қарау, өз жұмысын тиянақты орындау;

4. Үздіксіз өз бетімен білім алу және құзыреттілік.

Қызметтің негізгі бағыттары:

1. Диагностикалық – оқушы тұлғасын, оқыту, тәрбиелеу, дамыту нәтижелерін зерттеу.

2. Ұйымдастырушылық-технологиялық (педагогикалық технологиялар негізінде оқыту мен тәрбиелеу үрдісін ұйымдастыру);

3. Басқарушылық-педагогикалық («субъект-субъект» өзара әрекеті, білім берудегі менеджмент)

4. Жобалық (бастауыш мектептегі білім берудегі модельдеу)

5. Ғылыми-зерттеушілік (білім беру мәселелерін шешуде шығармашылық ізденіс, педагогикалық тәжірибені зерттеу, рефлексия).

Кафедраның жетекші ғалымдары пс.ғ.д, доцент Сарсенбаева Б.И., п.ғ.д.,профессор Құрманалина Ш.Х., п.ғ.к., профессор Ломоносов И.М., доцент Ергалиева Г.А., п.ғ.к., доцент Хасанова И.У., п.ғ.к., профессор Ломоносов И.М., п.ғ.к., доцент Казетова А.Х.

Кафедрада 2 ғылым докторы, 5 ғылым кандидаты, 13 тәжірибелі оқытушы-магистрлар жұмыс жасайды.

Кафедрада мектепке дейінгі педагогика кабинеті, «Жан жылуы» инклюзивтік білім беру орталығы, бастауыш білім беру кабинеті жұмыс жасайды.