Кафедра туралы ақпарат

Мамандықты бір арнайы кафедра қамтамасыз етеді.
Кафедрада қызмет жасайтын:
- 1 ғылым докторы - Салов В.Ю.;
- 2 педагогика ғылымдарының кандидаты – Испулова Р.Н., Ергалиева Г. А.;

- 1 биология ғылымдарының кандидаты - Мельников В.Л.
- 2 ЖАК доценті, ҚР еңбек сіңірген жаттықтырушысы – Исмагулов К.И. және Кубашев Т.К.
- 5 дене шынықтыру және спорт магистрі – Рыскалиев С.Н., Бахтиярова С.Ж., Балыков Б.А., Жумагулов Г.Н., Молдагалиев А.М.

Дене шынықтыру және спорт саласындағы болашақ мамандарды даярлау ісінде мына оқытушылар еңбек сіңіреді: самбо күресі бойынша спорт шебері - Исмагулов К.И., президенттік көпсайыстан спорт шебері В.Л.Мельников.
Испулова Р.Н. және Мельников В.Л. 2012 жылдың қортындысы бойынша «Жоғары оқу орны» мемлекеттік гранты иегері атанды.

Орташа жас: 37-41 жас.
Мамандық бойынша жұмыс жасайтын барлық оқытушылардың базалық білімдері бар. Олардың ішінде ҚР, ТМД елдерінің жетекші жоғары оқу орындарын бітірген мамандар бар. (Испулова Р.Н. Мәскеу қаласында, Исмагулов К.И., Молдағалиев А.М. Алматы қаласы).
Алғашқы әскери дайындық мамандығы бойынша пәндерді Тен В.И., Молдагалиев А.М. сияқты арнайы әскери білімдері бар мамандар қамтамасыз етеді. (Олар ҚР шекара әскері Әскери институтының, Алматы қаласындағы Д.Қонаев атындағы Жоғары жалпы әскери командалық училищесінің түлектері).

Профессорлық-оқытушылар құрамы арасында негізінен тұрақты құрам сақталған. Кафедра жетекшілігі республика деңгейіндегі білім беру ісіне мамандар даярлау жұмыстарын тыңғылықты жүргізуге айрықша мән береді.