Педагогика және психология кафедрасының филиалдарымен жүргізілген жұмысы

2016-2017 оқу жылының қыркүйек айында кафедра филиалдарына арналған жұмыс жоспары, ПОҚ қатысуымен келісе отырып құрастырылды. Кафедра филиалында ұйымдастырылатын шаралардың формалары мен әдістері анықталып, орындайтын жауапты оқытушылар белгіленді. Филиалдардың жұмыс жоспары кафедра отырысында және факультеттің оқу-әдістемелік кеңесінде бекітілді.
Кафедра жалпы білім беретін мекемелермен білім саласында оқу және ғылыми-әдістемелік жұмыстарындағы ынтымақтастық мақсатында кәсіби бағдар беру жұмыстарын 2016 жылының қыркүйек айында М.Өтемісов атындағы Батыс Қазақстан мемлекеттік университеті мен Орал қалалық білім беру бөлімі және қалалық №1 ЖОББМ, Ақжайық ауданы №1 ЖОББМ арасында үшжақты ынтымақтастық келісім шарты жасалды.
23 желтоқсанда №1 ЖОББМ-ның жоғарғы сынып оқушыларымен ғылыми жоба жұмысына әдістемелік көмек көрсету мақсатында кафедра оқытушылары Ж.С.Исмагулова, мен Л.В. Морозова "Қыры да көп, сыры да көп -мамандық" тақырыбында әлеуметтік саяхат ұйымдастырды. Кездесудің негізгі мақсаты оқушылардың мамандық әлеміндегі еңбектің түрлерін бағдарлауға және әлеуметтік педагог мамандығының ерекшелігіне тоқталып, мамандыққа деген қызығушылығын арттыру. Оқушылар шараға белсенді қатысып мамандық туралы өз көзқарастарын ортаға салды. Кеш соңында оқушылар оқушылардың өзіне деген сенімділігін дамыту мақсатында треинг жүргізді. Шара барысында оқушылармен жақынырақ танысып, түрлі тренингтер өткізілді. Оқушылардың арасында жағымды қарым-қатынасты орнатып, бір-бірін сыйлауға, адал дос болуға және қоршаған ортамен дос болуға үйретіп, коммуникативті өрісі дамытылды. Адамдар арысындағы қарым-қатынасындағы достық ұғымы туралы түсінік беріліп, оқушыларды сыйластыққа, әдептілікке, шынайылыққа, адалдыққа тәрбиелеу мақсатында шара жүргізілді.
Ал, филиалдармен кәсіби бағдар жұмысын атап өтетін болсақ кафедра оқытушылары С.Н.Ерниязова, Э.К. Абдираимова Ақжайық ауданы №1 ЖОББ мектепке үгіт насихат жұмысын жүргізіп, бітіруші түлектерге кафедраның дайындайтын мамандықтары туралы мағлұмат берді. Сауалнама жүргізді түлектердің ішінде бес оқушы биология пәнін таңдаған. Алдағы уақытта осы оқушылармен жұмыстану жоспарлануда.
Кафедра оқытушылары әр сенбіде кафедраға келген оқушылармен ҰБТ-ға дайындық жүргізіп отырды. Кафедраның оқытушылары М.Г. Кусайнова №1 ЖОББМ мектептің 3 оқушысына биология пәнінен дайындық жүргізді, Л.В. Морозова орыс тілі пәнінен дайындады
Кафедра оқытушылары №1 ЖОББМ мұғалімдеріне әдістемелік құрал, ғылыми-тәжірибелік конфернцияларға мақала жазу кезінде әдістемелік көмек беруде.